О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 725 «О некоторых вопросах планирования и реализации проектов государственно-частного партнерства» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында: 22-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) жұмыс істеп тұрған МЖӘ объектілерін жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу кезінде – іске қосылған негізгі құрал-жабдықтардың өтімділік құнының қазіргі деңгейінің капитал құрушы шығындар есебінен ұлғаюына немесе сақталуына қол жеткізуді және МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына негізделген нормативтік шығындарды төмендетуді және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен жоғары шығындарды жоюды;»; 11) тармақшаның екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «34. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң қорытынды, пысықтау қажеттілігі туралы немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады: 1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды; 2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі; 3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар мен тұжырымдар жазылады. 35. Оң қорытынды мүдделі тұлғалар үшін МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру жөніндегі, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдары бар түсіндірмелерді қамтиды. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы пысықтаған жағдайда оны қайта сараптамаға енгізеді. Теріс қорытынды бағалау нәтижелері ұсынылып отырған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкін еместігін және (немесе) орынсыздығын көрсететін не мазмұны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) ұсынылып отырған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігін және (немесе) орындылығын айқындау үшін толыққанды ақпарат болмаған жағдайда негізделген дәлелдерді көрсете отырып, конкурстық құжаттамаға ұсынылады.»; 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «38. МЖӘ-ні дамыту орталығы жүргізген, МЖӘ жобасы бойынша республикалық бюджеттен шығыстарға әкеп соғатын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік орган МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болжамды шекті сомасын қабылдау мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға өтінім жолдайды. 39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген, МЖӘ жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарға әкеп соғатын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болжамды шекті сомасын қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты айтарлықтай өзгеру себебінен техникалық шешімдердің өзгеруіне әкеп соқпайтын, МЖӘ объектiсін құруға (оның ішінде салуға), реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге бағытталған инвестициялардың болжамды мөлшері ұлғайған жағдайда кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі, бұл ретте МЖӘ-ні дамыту орталығының не облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның сараптамасы және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы қажет емес.»; 103-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу және (немесе) пайдалану мерзімдері (айлар, жылдар);»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) іске асырылған жобалардың тәжірибесі (МЖӘ шартының объектісіне ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге де тұлғалармен бірлесіп);»; 125-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Құрылысқа, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге байланысты жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен қоса ЖСҚ болуы қажет.»; 145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «145. МЖӘ жобасына бизнес-жоспар сараптамасының, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі нәтижесі оң қорытынды, пысықтау қажеттігі туралы қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады: 1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды; 2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі; 3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар мен тұжырымдар жазылады. Оң қорытынды тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия және өзге де мүдделі тұлғалар үшін МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру жөніндегі, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдары бар түсіндірмелерді қамтиды. Пысықтау қажеттігі туралы қорытынды дайындалған жағдайда МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен бірге МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтауға және оны қайта сараптамаға енгізуге құқығы бар. Теріс қорытынды бағалау нәтижелері ұсынылып отырған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкін еместігін және (немесе) орынсыздығын көрсететін не мазмұны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) ұсынылып отырған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігін және (немесе) орындылығын айқындау үшін толыққанды ақпарат болмаған жағдайда негізделген дәлелдерді көрсете отырып, МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсынылады.»; 164-30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды (оның ішінде салуды), реконструкциялауды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді және (немесе) пайдалануды жекеше әріптес МЖӘ шартына сәйкес жүзеге асырады.»; 164-36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «164-36. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және (немесе) күрделі жөндеуге бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; осы қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) МЖӘ объектісін құру, салу, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу құны 4 000 000-нан астам айлық есептік көрсеткішті құрайды.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда: 17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «17. «Тәуекелдерді бағалау және бөлу» бөлімінде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде МЖӘ объектісін салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.»; көрсетілген бұйрыққа 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. Ақпараттық парақтың құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 84 Бұйрыққа 1-қосымша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік- жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына 2-қосымша Ақпараттық парақтың құрылымы Ата­уы Тол­ты­ру бой­ын­ша ұсы­ным­дар 1. Жо­ба­ның пас­пор­ты (жал­пы мә­лі­мет­тер) Жо­ба­ның ата­уы жо­ба­ның то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді Мем­ле­кет­тік әріп­тес мем­ле­кет­тік әріп­те­стің то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ның қы­сқа­ша си­па­ты жо­ба­ның мәні, оның ішін­де мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік (бұ­дан әрі – МЖӘ) жо­ба­сын тех­ни­ка­лық күр­де­лі және (неме­се) бі­ре­гей жо­ба­лар­ға жат­қы­зу көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ны іс­ке асы­ру са­ла­сы (ая­сы) эко­но­ми­ка­ның са­ла­сы (ая­сы) көр­се­ті­ле­ді Іс­ке асы­ру ор­ны жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны көр­се­ті­ле­ді (ме­кен­жайы не ор­на­лас­қан же­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар не си­па­ты) Іс­ке асы­ру­дың мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ның құ­ны жо­ба­ның құ­ны көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ның ре­тро­спек­ти­ва­сы жо­ба­мен бай­ла­ны­сты бұ­рын іс­ке асы­ры­л­ған жұ­мыстар көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі жо­ба­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі көр­се­ті­ле­ді Же­ке­ше әріп­те­сті ай­қын­да­удың бо­лжам­ды тә­сі­лі «Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Заң­ның 31-ба­бы­на сәй­кес же­ке­ше әріп­те­сті ай­қын­дау тә­сі­лі көр­се­ті­ле­ді Жо­ба­ның нәти­же­сі жо­ба­ның түп­кі­лік­ті нәти­же­сі және кү­ті­ле­тін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық әсе­рі көр­се­ті­ле­ді Бай­ла­ныс де­ректе­рі әзір­ле­у­ші өкі­лі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер бол­са), ла­у­а­зы­мы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны мен элек­трон­дық по­шта­сы­ның ме­кен­жайы (ме­кен­жай­ла­ры) көр­се­ті­ле­ді 2. Кірі­спе Жо­ба­ны іс­ке асы­ру қа­жет­ті­гі­нің негіз­де­ме­сі 1) Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры­на сәй­кест­і­гі; 2) МЖӘ жо­ба­сын әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стер та­ра­пы­нан іс­ке асы­ру­ға қызығ­у­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді Ұқсас жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру тә­жі­ри­бе­сі эко­но­ми­ка­ның осы са­ла­сын­да (ая­сын­да) ұқсас МЖӘ жо­ба­ла­рын іс­ке асы­ру­дың ха­лы­қа­ра­лық және/неме­се қа­зақ­стан­дық оң тә­жі­ри­бе­сі көр­се­ті­ле­ді МЖӘ объ­ек­ті­сі және МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің құ­ра­мы­на кір­мей­тін өзге де мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат 1) МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің және МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің құ­ра­мы­на кір­мей­тін (мен­шік, ба­ланс ұста­у­шы, шек­те­улер және ауырт­па­лық­тар), бі­рақ МЖӘ жо­ба­сын­да қол­да­ны­ла­тын өзге де мү­лік­тің құқық­тық мәр­те­бе­сі; 2) жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­ры­сын­да және оны іс­ке асы­ру аяқ­тал­ған­нан кей­ін жо­ба қа­ты­су­шы­ла­ры­ның әр­қай­сы­ның мү­лік­тік құқық­та­ры­ның кө­ле­мі көр­се­ті­ле­ді. МЖӘ объ­ек­ті­сін ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту, күр­де­лі жөн­деу неме­се да­мы­ту ке­зін­де оның ре­тро­спек­ти­ва­сы (объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға бе­ру кү­ні, ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту, күр­де­лі жөн­деу бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар және осы объ­ек­ті­мен бай­ла­ны­сты бас­қа да мә­лі­мет­тер) қо­са бе­рі­ле­ді. Жос­пар­ла­на­тын МЖӘ жо­ба­сы ар­хео­ло­ги­я­лық және мем­ле­кет­тің ерекше қор­ғауын­да­ғы өзге де объ­ек­ті­лер мә­се­ле­ле­рін қоз­ға­ған жағ­дай­да атал­ған объ­ек­ті­лер­дің жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ олар­ға МЖӘ жо­ба­сы­ның әсе­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер кел­ті­рі­ле­ді. МЖӘ жо­ба­сы­ның та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар са­ла­ла­ры­на ти­е­сі­лі­гі негіз­гі қа­ра­жат­ты қай­та ба­ға­лау, соң­ғы күн­тіз­бе­лік үш жыл­да іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі қыз­ме­ті­нің тех­ни­ка­лық са­рап­та­ма­сы, объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және бас­қа мә­лі­мет­тер­ді қо­са ал­ған­да, МЖӘ-ға бе­рі­ле­тін та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің мү­лік­тік ке­ше­ні ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді 3. Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық бө­лім 1) та­рап­тар­дың өза­ра іс-қи­мыл жа­сау те­тікте­рі, МЖӘ жо­ба­сы­ның әр­бір та­ра­пы­ның, оның ішін­де ин­ве­сти­ци­я­лық және ин­ве­сти­ци­ядан кей­ін­гі ке­зең­де үшін­ші тұ­лға­лар­дың жа­у­ап­кер­ші­лі­гі (та­рап­тар­дың өза­ра іс-қи­мыл схе­ма­сын қо­са бе­ре оты­рып) ту­ра­лы ақ­па­рат; 2) МЖӘ жо­ба­сы шең­бе­рін­де қыз­мет­тің бо­лжам­ды түр­ле­рі, сон­дай-ақ МЖӘ-ға бе­рі­луі жос­пар­лан­бай­тын қыз­мет түр­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді 4. Мар­ке­тинг­тік бө­лім эко­но­ми­ка (өңір) са­ла­сын­да­ғы (ая­сын­да­ғы) про­бле­ма­лар­дың си­патта­ма­сы, оның ішін­де МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асы­ру нәти­же­сін­де тү­зі­ле­тін өнім­ге (та­у­ар­лар­ға/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге) сұ­ра­ны­стың қа­зір­гі кез­де­гі және бо­лжам­ды (МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асы­ру ке­зе­ңін­де) конъ­юнк­ту­ра­сын тал­дау көр­се­ті­ле­ді. SWOT-тал­дау Strengths (кү­ш­ті жақ­тар), Weaknesses (осал жақ­тар), Opportunities (мүм­кін­дік­тер), Threats (қа­уіп­тер) – МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асы­ру шең­бе­рін­де бо­лжа­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің әле­ует­ті кү­ш­ті және осал жақ­та­рын, мүм­кін­дік­те­рін және қа­уіп­те­рін ай­қын­дау және ба­ға­лау. Пай­да­ла­ны­ла­тын ақ­па­рат көз­де­рі және өт­кі­зі­л­ген мар­ке­тинг­тік зерт­теу бой­ын­ша есеп­ті қо­са бе­ре оты­рып, мар­ке­тинг­тік зерт­те­улер жүр­гі­зу әді­сте­ме­сі мін­дет­ті түр­де көр­се­ті­ле­ді 5. Қар­жы­лық бө­лім 1) МЖӘ жо­ба­сы шең­бе­рін­де са­лу­ға жос­пар­ла­на­тын ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі, оның ішін­де есеп­те­улер­мен рас­тал­ған МЖӘ объ­ек­ті­сі құ­ры­лы­сы­ның бо­лжам­ды құ­ны; 2) та­риф­тер­дің ел­де­гі, өңір­де­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға ық­па­лы ту­ра­лы есеп­те­улер негіз­де­ме­ле­рі мен мә­лі­мет­тер­ді қо­са бе­ре оты­рып, та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға), оның ішін­де та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар са­ла­сы­на жа­та­тын қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ар­нал­ған та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) ал­дын ала есеп­те­ме­сі; 3) мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын және же­ке­ше әріп­те­стің шы­ғын­да­рын өтеу және кі­рі­стер­ді алу көз­де­рін ұсы­ну қа­жет­ті­гі мен мүм­кін­ді­гін тал­дау нәти­же­ле­рі, оның ішін­де олар­ды ұсы­ну­дың бо­лжам­ды түр­ле­рі, кө­ле­мі, мер­зім­де­рі және шар­тта­ры; 4) МЖӘ жо­ба­сы­ның бо­лжам­ды түп­кі­лік­ті нәти­же­сі (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің тү­рі және кө­ле­мі), сон­дай-ақ ал­дын ала есеп­те­улер тү­рін­де негіз­де­ме­сі бар же­ке­ше әріп­тес кі­рі­сте­рі­нің бо­лжам­ды кел­ті­рі­л­ген та­за құ­ны және кі­рі­сті­лі­гі­нің іш­кі нор­ма­сы; 5) егер жұ­мыс іс­теп тұр­ған объ­ек­ті­лер­ді жаң­ғыр­ту, ре­кон­струк­ци­я­лау неме­се күр­де­лі жөн­деу жос­пар­лан­са, соң­ғы үш жыл­да жұ­мыс іс­теп тұр­ған та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды: ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) жос­пар­лы және нақ­ты кө­ле­мі ту­ра­лы ақ­па­рат; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) түр­ле­рі бө­лі­ні­сін­де қол­да­ны­с­та­ғы та­риф­тер мен та­риф­тік сме­та­лар ту­ра­лы ақ­па­рат; рет­тел­мей көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін түр­ле­рі мен кө­ле­мі ту­ра­лы ақ­па­рат; қар­жы­лық есеп­ті­лік; та­риф­те ес­ке­рі­ле­тін қол­да­ны­с­та­ғы амор­ти­за­ци­я­лау әді­сте­рі ту­ра­лы ақ­па­рат; бұ­рын іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны (жо­ба­ны) қар­жы­лан­ды­ру­дың нақ­ты шар­тта­ры мен мөл­ше­рі ту­ра­лы ақ­па­рат; бұ­рын іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың нақ­ты орын­да­лу көр­сет­кіш­те­рін ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да бе­кі­ті­л­ген көр­сет­кіш­тер­мен са­лы­сты­ру ту­ра­лы ақ­па­рат; қол жет­кі­зі­л­ген нақ­ты көр­сет­кіш­тер­дің бе­кі­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да­ғы көр­сет­кіш­тер­ден ауыт­қуы болған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін тү­сін­ді­ру; субъ­ек­ті­нің рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рін (та­у­ар­ла­рын, жұ­мыста­рын) тұ­ты­ну­шы­лар­дың, болған жағ­дай­да, де­би­тор­лық бе­ре­шек­те­рі­нің дең­гей­ін және кре­ди­тор­лық бе­ре­шек тө­лем­де­рін тө­мен­де­ту жө­нін­де­гі ке­шен­ді іс-ша­ра­лар; болған жағ­дай­да, нор­ма­тив­тік шы­ғын­дар­ды азай­ту және (неме­се) нор­ма­тив­тен тыс шы­ғын­дар­ды жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­ры. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың қар­жы-эко­но­ми­ка­лық мо­дель­де­рі фор­му­ла­лар мен қа­был­дан­ған жо­ра­мал­дар­ды көр­се­те оты­рып жа­са­ла­ды. 6. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық бө­лім Бо­лжам­ды құ­ны төрт мил­ли­он ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен аса­тын жо­ба­лар үшін мы­на­лар көр­се­ті­ле­ді: 1) са­лад­а­ғы (өңір­де­гі) және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы қа­зір­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай мен МЖӘ жо­ба­сын есеп­ке ал­ма­ған­да және МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асыр­ған жағ­дай­да оның да­му пер­спек­ти­ва­ла­рын тал­дау; 2) МЖӘ жо­ба­сы бой­ын­ша пай­да­лар мен шы­ғын­дар­ды тал­дау; 3) ағым­да­ғы ба­ға­лар мен өт­кен жыл­дың са­лы­стыр­ма­лы ба­ға­ла­рын­да­ғы ті­ке­лей, жа­на­ма және жиын­тық мак­ро­эко­но­ми­ка­лық әсер­дің есеп­те­ме­сі; 4) та­за қо­ғам­дық пай­да, эко­но­ми­ка­лық та­за кел­ті­рі­л­ген та­быс (Economic net present value – ENPV), кі­рі­сті­лік­тің эко­но­ми­ка­лық іш­кі нор­ма­сы (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көр­сет­кіш­те­рі­нің есеп­те­ме­сі; 5) МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асы­ру­дың ара­лас са­ла­лар­дың (көр­ші өңір­лер­ді да­мы­ту­ды қо­са ал­ған­да) да­муы­на әсе­рін тал­дау; 6) МЖӘ жо­ба­сы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс­порт­тық әле­уе­ті­нің өсу­іне және им­порт ал­ма­сты­ру­ға, ин­но­ва­ци­я­лар­дың да­муы­на әсе­рін тал­дау. Бо­лжам­ды құ­ны төрт мил­ли­он ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­тын жо­ба­лар үшін са­лад­а­ғы (өңір­де­гі) және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы қа­зір­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай мен МЖӘ жо­ба­сын есеп­ке ал­ма­ған­да және МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асыр­ған жағ­дай­да оның да­му пер­спек­ти­ва­ла­рын тал­дау көр­се­ті­ле­ді. 7. Тех­ни­ка­лық-тех­но­ло­ги­я­лық бө­лім 1) ен­гі­зі­луі жос­пар­ла­на­тын тех­но­ло­ги­я­лық ин­но­ва­ци­я­лар болған жағ­дай­да олар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 2) әзір­лен­ген жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­лар­дың, үл­гі­лік жо­ба­лар­дың, үл­гі­лік жо­ба­лық ше­шім­дер­дің және қай­та қол­да­ны­ла­тын жо­ба­лар­дың бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 3) МЖӘ жо­ба­сын іс­ке асы­ру нәти­же­сін­де құ­ры­ла­тын объ­ек­ті­нің жос­пар­ла­на­тын фи­зи­ка­лық па­ра­метр­ле­рі мен тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры, оның ішін­де жос­пар­ла­на­тын өн­ді­рі­стік қу­а­ты; 4) МЖӘ объ­ек­ті­сін жо­ба­ла­удың, са­лу­дың, құ­ру­дың, ре­кон­струк­ци­я­ла­удың, жаң­ғыр­ту­дың, күр­де­лі жөн­де­удің және пай­да­ла­ну­дың жос­пар­лан­ған мер­зім­де­рі; 5) объ­ек­тi­нің ор­на­лас­қан же­рі, жер учас­ке­сі­нің (учас­ке­ле­рі­нің) си­патта­ма­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, сон­дай-ақ қол­да­ны­с­та­ғы және/неме­се жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға қа­жет­ті ин­же­нер­лік-кө­лік­тік ин­фра­құ­ры­лым (те­мір­жол ма­ги­страль­да­ры, ав­то­мо­биль жол­да­ры, құ­быр­лар, электр және жы­лу же­лі­ле­рі, су құ­бы­ры, газ құ­бы­ры және бас­қа ин­фра­құ­ры­лым) ту­ра­лы мә­лі­мет көр­се­ті­ле­ді. 8. Тәу­е­кел­дер­ді бө­лу жо­ба­ның әле­ует­ті қа­ты­су­шы­ла­ры ара­сын­да тәу­е­кел­дер­ді бө­лу­дің тал­да­уы, сон­дай-ақ: 1) ком­мер­ци­я­лық тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау; 2) әле­умет­тік тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау; 3) эко­но­ми­ка­лық тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау; 4) тех­ни­ка­лық тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау; 5) қар­жы­лық тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау; 6) жо­ба­ның ерекше­лі­гіне бай­ла­ны­сты өзге де тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау көр­се­ті­ле­ді. 9. Жо­ба бой­ын­ша тұ­жы­рым­дар
Басқа 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 84 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы25 қарашадағы № 725 бұйрығына 7-қосымша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау, жаңғырту және күрделі жөндеу құнын, операциялық шығындарды, сондай-ақ жекеше әріптесті мемлекеттік қолдау мөлшерін, шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу құны осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес есептелген инвестициялардың болжамды мөлшері ретінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік қолдау – Заңның 27-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген МЖӘ-ні мемлекеттік қолдау түрлері; МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу көздері – Заңның 1-бабының 4), 9), 10) тармақшаларында және 9-бабының 2-тармағында көзделген бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер. Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, МЖӘ жобасы бойынша шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу қаржы-экономикалық модельді (бұдан әрі – ҚЭМ) пайдалана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында ҚЭМ-нің екі нұсқасы, атап айтқанда базалық ҚЭМ және кеңейтілген ҚЭМ әзірленеді.
Тармақ 5
5. Базалық ҚЭМ-ді әзірлеу кезінде: жоба мемлекеттік қолдау және шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады; жоба МЖӘ объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыруды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тапсырысты орындауды көздейді; жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлеме) бойынша коммерциялық көздерден ғана қаржыландырылады; қаржылық қолдау шаралары берілмейді деген болжам пайдаланылады. Базалық ҚЭМ шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны (бұдан әрі – базалық NPV) есептеледі. Егер жобаның базалық NPV теріс болса, МЖӘ жобасының коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заңның талаптарын, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайда мен шығындардың арақатынасын, МЖӘ жобасының институционалдық схемасын және басқа да ерекшеліктерін сақтай отырып, базалық ҚЭМ-ге мемлекеттік қолдау шараларын, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін енгізу жолымен кеңейтілген ҚЭМ әзірленеді.
Тармақ 6
6. МЖӘ жобасы бойынша ішкі кірістілік нормасының (IRR) шекті жол берілетін мөлшері жекеше әріптестің шығындарды өтеуі және кірістер алуы мемлекеттік әріптестің төлемдерімен қамтамасыз етілетін МЖӘ жобалары үшін дисконт мөлшерлемесіне + (плюс) 3 (үш) пайыздық тармаққа немесе жекеше әріптестің шығындарды өтеуі және кірістер алуы халықтан алынатын төлеммен ішінара қамтамасыз етілетін МЖӘ жобалары үшін дисконттау мөлшерлемесіне + (плюс) 5 (бес) пайыздық тармаққа тең.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындардың болжамды мөлшерін айқындау
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындардың болжамды мөлшерін айқындау
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу кезінде инвестициялардың болжамды мөлшерін есептеу
1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу кезінде инвестициялардың болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 7
7. МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінде МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу кезіндегі инвестициялардың болжамды көлемі жекеше әріптестің барлық шығындарының сомасы ретінде айқындалады: I – МЖӘ объектiсiн құру (оның iшiнде салу), реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу кезіндегі инвестициялардың болжамды мөлшері; t – МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау немесе жаңғырту кезеңі (жыл); n – МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау немесе жаңғырту ұзақтығы; Ct – t кезеңінде жекеше әріптестің МЖӘ объектісін құруға (оның ішінде салуға), реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге жұмсалған барлық шығындарының жиынтық мөлшері;
Тармақша 1
1) Ct қрж – t кезеңінде МЖӘ объектісін салуға жұмсалған шығыстар: МЖӘ объектісін салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге алдағы күнтізбелік жылда (-дарда) жоспарланатын шығыстар соңғы бес жылдағы инфляцияның нақты деңгейінің орташа мәні арқылы алдағы кезеңдердің шығыстарын индекстей отырып, инвестициялардың көлемін күнтізбелік жылдарға бөлу жолымен айқындалады; ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының жиынтық көрсеткіштері, конструктивтердің көлемі туралы жобалық деректер, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар өзекті техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) немесе жобалық-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) болмаған кезде мына формулаға сәйкес айқындалады: ΔСұқ – ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға сәйкес кемінде 3 (үш) ұқсас объектінің негізінде i-ші объектінің қуат бірлігіне шаққандағы құрылыс құнының орташа мәні; Si – МЖӘ объектісінің құрамындағы i-ші ұқсас объектінің қуаты; i – МЖӘ объектісінің құрамындағы ұқсас объект; m – конструктивтердің саны; n – МЖӘ объектісінің құрамындағы ұқсас объектілердің саны; – i-ші ұқсас объектінің құрылыс құнын ағымдағы бағаларға келтіру коэффициенті; Piнег – құн жөніндегі ақпарат көздерін келтіре отырып (коммерциялық ұсыныстар, сілтемелер), i-ші объектіні қажетті жасақтау құны, оның ішінде жабдықтар, жиһаздар және құрал-саймандар құны; ғимараттар мен құрылыстарды (денсаулық сақтау және білім беру) салу құнының жиынтық көрсеткіштері болған кезде мына формулаға сәйкес айқындалады: Capi – МЖӘ объектісінің құрамындағы i-ші объектінің қуаты; Сiжк – белгілі бір өңір үшін i-ші объектінің қуат бірлігіне арналған ағымдағы баға деңгейіндегі құрылыс (оның ішінде жабдықтардың, жиһаздардың және құрал-саймандардың) құны; Ржарақ – қосымша жарақтандыру құны нарықтың ұсынылған коммерциялық ұсыныстарына сәйкес айқындалады; Сіске қосу – іске қосу-жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар жабдық пен қосымша жарақтандыру құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қабылданады; n – МЖӘ объектісінің құрамындағы объектілердің саны; i – МЖӘ объектісінің құрамындағы объект. конструктивтер мен жұмыс түрлерінің сметалық құнының жиынтық көрсеткіштері болған кезде мына формулаға сәйкес айқындалады: мұнда: Voli – i-ші конструктивтің/жұмыс түрінің көлемі; Сiжк – белгілі бір өңір үшін ағымдағы баға деңгейінде i-ші конструктивтің/жұмыс түрінің көлем бірлігіне шаққанда конструктивтің/жұмыс түрінің сметалық құны; Ржарақ – қосымша жарақтандыру құны нарықтың ұсынылған коммерциялық ұсыныстарына сәйкес айқындалады; Сіске қосу – іске қосу-жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар жабдық пен қосымша жарақтандыру құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қабылданады; Синж – инжинирингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар; Ct басқ – жобаны басқаруға арналған шығыстар; SСt басқ – жобаны басқаруға арналған шығыстардың нормативі; Сt тех – техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар; SСt тех – техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстардың нормативі; Сt авт – авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар; SСt авт – авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстардың нормативі; Шығыcтар нормативтерінің мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген. Сжоба – жобалау жұмыстарына арналған шығыстар; а және b – жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің белгілі бір интервалына арналған мың теңгедегі тұрақты шамалар; Х – жобаланатын объектінің негізгі көрсеткіші: қуат, өнімділік (өндірістік объектілер үшін), ұзындық (желілік объектілер үшін), сыйымдылық, аудан және басқа көрсеткіштер; Пki – мәндері құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта, құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының бағалар жинағында келтірілген жобалау шарттары мен жобалауды күрделілендіретін (жеңілдететін) факторлар әсерін ескеретін дұрыстау (түзету) коэффициенттерінің туындысы; k1(2) – кезеңділік коэффициенті: k1 – жобаны әзірлеу құнының жұмыс құжаттамасын әзірлеу құнына қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеу құнының жұмыс құжаттамасын әзірлеу құнына қатынасы. a, b, k1(2) мәндері құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы бөлімдерінің кестелерінде келтірілген. Ссар – жобаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шығыстар; kсв – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес мәндер бойынша айқындалатын сараптамалық верификациялау коэффициенті; АЕКс – сараптама жүргізуге арналған шарт жасасқан күнгі айлық есептік көрсеткіштің мәні; АЕКп – жобалау жұмыстарының құнын айқындау күніндегі айлық есептік көрсеткіштің мәні; n – МЖӘ объектісінің құрамындағы конструктивтердің/жұмыс түрлерінің саны; i – МЖӘ объектісінің құрамындағы конструктив/жұмыс түрі; Ct срм – кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар өзекті ТЭН немесе ЖСҚ болмаған кезде МЖӘ объектісін реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге арналған t кезеңіндегі шығыстар объектіні техникалық зерттеу бойынша сараптамалық қорытындыда белгіленген жұмыстардың құрамы мен көлемі және реконструкциялау немесе жаңғырту құнының алдын ала есептемесі негізінде айқындалады. Ct срм – инновациялық немесе ғылыми қызметті болжайтын МЖӘ жобаларындағы t кезеңіндегі шығыстар салалық заңнамаға сәйкес айқындалады; кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар өзекті ТЭН немесе ЖСҚ болған кезде МЖӘ объектісін құруға (оның ішінде салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге) арналған шығыстар жиынтық сметалық құнға сәйкес айқындалады. МЖӘ объектісін салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге арналған t кезеңіндегі есептемеге инжинирингтік көрсетілетін қызметтер, жобалау жұмыстары, жобаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу, іске қосу-жөндеу жұмыстары қосылмайды және қосымша қосылған құн салығы есепке алынады.
Тармақша 2
2) Ct бас – МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау. жаңғырту немесе күрделі жөндеу кезеңінде мына формулаға сәйкес айқындалатын компанияны басқаруға арналған t кезеңіндегі шығыстар: Рt жал – МЖӘ жобасын іске асыруға тартылған әкімшілік-басқару персоналы үшін үй-жайларды жалға алуға және/немесе ұстауға арналған шығыстар; Ct перс – ақпарат көзіне тиісті сілтемелерді көрсете отырып, орташа нарықтық көрсеткіштерге сәйкес еңбекақы төлеу шығыстары, іссапар шығыстары, МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде тартылған әкімшілік-басқару персоналын оқыту іс-шаралары; Ct сақ – компанияны басқару жөніндегі қызметпен байланысты сақтандыру шығыстары; Сt ағым – жекеше әріптестің ағымдағы шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері, күзет қызметі); Сt сал – салық шығыстары;
Тармақша 3
3) Сt сый – мына формулаға сәйкес айқындалатын t кезеңіндегі сыйақы шығыстары: Rt қар – қарыз капиталы нарығында қалыптасқан, нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелген тартылатын қарыздар бойынша есепке жазылатын сыйақы. Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығына инвестициялар тартылған жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсының (http://www.nationalbank.kz) «Статистика» бөлімінде статистикалық бюллетеньде соңғы есепті күндегі жағдай бойынша орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі (орташа алынған) жөніндегі статистика деректері негізінде айқындалады; шетелдік капиталды тарту кезінде – сыйақылар төлеу бойынша шығыстар LIBOR (London Interbank Offered Rate – Лондон банкаралық нарығында әртүрлі валюталарда және әртүрлі мерзімге қаражат ұсынатын банктер беретін банкаралық кредиттер бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме, бұдан әрі – LIBOR) мөлшерлемесін және қарыз капиталы нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін маржа ескеріле отырып есептеледі; Rt облиг – әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті мақұлданған болжамына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz) орналастырылған бюджет параметрлеріне және сәйкес есептеулер кезінде облигациялардың бүкіл айналым мерзімі кезінде қолданылатын тіркелген маржаға сәйкес есептеулер кезінде ҚЭМ-де болжанатын инфляция деңгейі (тұтыну бағалары) ретінде айқындалатын МЖӘ объектісін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау немесе жаңғырту кезеңінде инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса оларды шығару) бойынша есептелетін сыйақы; EDt – әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті мақұлданған болжамына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz) орналастырылған бюджет параметрлеріне сәйкес шетел валютасындағы кредиттер бойынша бағамдық айырмашылықтар; Cөтін – кредиттік өтінімді қарауға арналған шығыстар;
Тармақша 4
4) Ct сақ – сақтандыру қызметтерінің нарығын зерттеу нәтижелері бойынша сақтандыру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса оларды шығару) бойынша мемлекет кепілгерлігімен сақтандыруды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құруға (оның ішінде салуға), реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге байланысты t кезеңінде барлық сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар;
Тармақша 5
5) Сt басқ – мына формулаға сәйкес айқындалатын t кезеңіндегі t кезеңіндегі өзге де шығыстар: Сt тар – KazPrime индикаторын (KazPrime индикаторы қазақстандық банкаралық депозиттер нарығында ақшаны орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді) қалыптастыру туралы KASE келісіміне («Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізімі) қатысушы банктердің көрсетілетін қызметтеріне орташа тарифтер ретінде айқындалатын қарыздарды тарту бойынша шығыстар. Тарифтер жалпыға қолжетімді ақпарат болып табылады және тиісті қаржы ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылған; Сt облиг – нарықты зерттеу нәтижелері бойынша тиісті көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар шығаруды (қажет болса оларды шығару) ұйымдастыру; Сt ком – банктік кепілдік беру қызметтері нарығын зерттеу нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес ақылы банктік көрсетілетін қызметтер мен банктік кепілдік беру бойынша комиссиялар; Сt лиц – МЖӘ объектісін пайдалану басталғанға дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және құжаттарды алу; Сt бюд – уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер; Сt ауд – аудиторлық компаниялардың баға ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер; Сt т.б. – МЖӘ объектісін құруға (оның ішінде салуға), реконструкциялауға немесе жаңғыртуға арналған жоғарыда аталған барлық шығыстар сомасының 1 (бір) пайызынан аспайтын көлемде МЖӘ объектісін құруға (оның ішінде салуға), реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге байланысты шығыстар.
Тармақ 8
8. Инвестициялық шығындар өтемақысының (бұдан әрі – ИШӨ) жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді. Инвестициялық шығындардың жекелеген баптары (салықтарға арналған шығыстарды, қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоспағанда) соңғы бес жылдағы инфляцияның нақты деңгейінің орташа мәніне индекстеледі. Инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу МЖӘ объектісі пайдалануға берілгеннен кейін МЖӘ шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады. Бұл ретте инвестициялық шығындарға өтемақы төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және Заңның 46-бабының 1-1-тармағының шарттарын сақтай отырып, инвестициялық шығындарға өтемақы төлеудің біркелкілігін сақтау арқылы МЖӘ объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, МЖӘ шартында белгіленген инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу мерзімдерін анағұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу
2-параграф. Операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 9
9. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу кезінде операциялық шығындардың мынадай топтары ескеріледі:
Тармақша 1
1) МЖӘ объектiсiнiң инженерлiк және технологиялық жабдықтарын ұстауға және пайдалануға арналған шығындар;
Тармақша 2
2) МЖӘ объектісінің ғимараттарын (құрылыстарын) және аумақтарын ұстауға арналған шығындар;
Тармақша 3
3) әкімшілік шығындар (әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу; сақтандыру бойынша шығыстар; МЖӘ субъектісінің ағымдағы шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері, күзет қызметтері);
Тармақша 4
4) салық бойынша шығыстар;
Тармақша 5
5) сақтандыру бойынша шығыстар;
Тармақша 6
6) қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстар (қарыз бойынша есептелетін сыйақы);
Тармақша 7
7) басқа операциялық шығындар, оның ішінде: ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; материалдық шығыстар (мысалы МЖӘ объектісін пайдалануға қажетті отын сияқты шикізат, жабдықтардың қосалқы бөлшектері, жабдықты ұсақ жөндеу); МЖӘ объектiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi заттай нормалар немесе материалдық запастар, арнайы киім сияқты салалық шығыстар; республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын МЖӘ объектiлерiндегi тамақтану құны; МЖӘ объектілеріндегі қажетті инвентарлық мүлік;
Тармақша 8
8) осы тарауда көрсетілмеген операциялық шығындардың баптары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сәйкестендірілген жағдайда олар өтеледі. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған шығыстарды және МЖӘ объектісін салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге байланысты емес қарыздар бойынша сыйақы шығыстарын өтемейді.
Тармақ 10
10. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу – осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған кірістіліктің ішкі нормасының жол берілетін шекті мөлшеріне қол жеткізу үшін МЖӘ шартына сәйкес операциялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер.
Тармақ 11
11. Операциялық шығындар өтемақысының жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді. Операциялық шығындардың жекелеген баптары (салықтарға арналған шығыстарды, қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстарды қоспағанда) соңғы бес жылдағы нақты инфляция деңгейінің орташа мәніне индекстеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу
3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу
Тармақ 1. 1-параграф. Қолжетімділік үшін төлемақының болжамды мөлшерін есептеу
1-параграф. Қолжетімділік үшін төлемақының болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 12
12. Қолжетімділік үшін төлемақы мыналардан тұрады: операциялық шығындарды өтеу сомасы; жекеше әріптеске МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ МЖӘ объектісінің жеке техникалық-экономикалық параметрлерін негізге ала отырып, МЖӘ объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін сыйақы сомасы.
Тармақ 13
13. МЖӘ жобасын жоспарлау сатысында қолжетімділік үшін төлемақының болжамды мөлшері осы Әдістеменің 9, 10-тармақтарында айқындалған операциялық шығындарды өтеу сомасы және жекеше әріптеске МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес есептелетін сыйақы сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 14
14. Жекеше әріптеске МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін сыйақының ең жоғары мөлшері осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалатын жобаның ішкі кірістілік нормасының (IRR) шекті жол берілетін мөлшеріне қол жеткізу үшін қажетті ақшалай төлемдер сомасынан аспауға тиіс. Жеке әріптеске МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін жыл сайынғы сыйақы мөлшері индекстелмейді.
Тармақ 15
15. Дисконттау мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құны ретінде есептеледі (WACC – Weighted Average Cost of Capital): Re – меншікті капиталдың құны; E/V – жалпы салынған капиталдағы меншікті капиталдың құны; Rd – қарыз капиталының құны; D/V – жалпы салынған капиталдағы қарыз капиталының мөлшері; T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі.
Тармақ 16
16. Дисконттау мөлшерлемесін есептеу кезінде жекеше әріптестің меншікті капиталының құны күрделі активтерді бағалау моделі (CAPM – Capital Asset Pricing Model) негізінде мына формула бойынша айқындалады: Re– меншікті капитал құны; RF – номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме; ßp – бета жобаның салалық коэффициенті; ERP – елдің ерекшеліктері ескеріле отырып, жүйелі тәуекелдер үшін күтілетін сыйақы. Номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме (RF) мына формула бойынша айқындалады: GBY – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 5 жылдан астам мерзімге кірістілік индикаторы Қазақстан қор биржасының ресми интернет-ресурсында (https://kase.kz/ru/stock_market/KZGB/KZGB_Y/) орналастырылған деректерге сәйкес айқындалады; ел CDS – валютасында ақша ағындары бағаланатын елдің облигациялары бойынша дефолт спреді (тәуекел). А. Дамодаранның Қазақстан Республикасына арналған деректері (Country Risk Premiums) негізінде соңғы есепті күнге айқындау ұсынылады. МЖӘ жобасына арналған салалық бета коэффициент (ßp) мына формула бойынша айқындалады: ße – меншікті капиталға арналған бета коэффициент. Меншікті капиталдың салалық бета коэффициенті (ße) мына формула бойынша айқындалады: ßa орт. – активтерге арналған бетаның орташа коэффициенті; D/V – жалпы салынған капиталдағы қарыз капиталының шамасы; E/V – жалпы салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы; T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі. Активтерге арналған бетаның орташа коэффициенті МЖӘ жобасы іске асырылатын бета салаларға қатысты мына формула бойынша есептеледі: ßa – салалар бойынша активтерге арналған бета мәні; k – жобадағы саланың үлесі (мысалы құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика) мына формула бойынша айқындалады: Cn – МЖӘ жобасының ҚЭҮ деректеріне сәйкес МЖӘ жобасы бойынша қызмет жүзеге асырылатын тиісті сала (-лар) шығындарының сомасы. Активтерге арналған салалық бета коэффициентті (ßa) А. Дамодаранның дамушы елдерге арналған орташа салалық бета бойынша деректерінің негізінде соңғы есепті күнге айқындау ұсынылады.
Тармақ 17
17. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес номиналды мәнде айқындалады.
Тармақ 18
18. Елдің ерекшеліктері (ел тәуекелі) ескеріле отырып, жүйелі тәуекел үшін сыйақыны (ERP) А. Дамодаранның Қазақстан Республикасына арналған деректері (Country Risk Premiums) негізінде соңғы жаңарту күніне, бірақ МЖӘ жобасын жоспарлау басталғанға дейін бір жылдан кешіктірмей айқындау ұсынылады.
Тармақ 19
19. Қолжетімділік үшін жыл сайынғы төлемақы мөлшері индекстелмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекет меншiгiндегi мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк объектiсiн басқаруды жүзеге асырғаны үшiн сыйақының болжамды мөлшерiн есептеу
2-параграф. Мемлекет меншiгiндегi мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк объектiсiн басқаруды жүзеге асырғаны үшiн сыйақының болжамды мөлшерiн есептеу
Тармақ 20
20. Мемлекет меншігіндегі МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақының ең жоғары мөлшері осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалатын жобаның ішкі кірістілік нормасының (IRR) шекті жол берілетін мөлшеріне қол жеткізу үшін қажетті ақшалай төлемдер сомасынан аспауға тиіс.
Тармақ 21
21. Мемлекет меншігіндегі МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақының жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді.
Тармақ 3. 3-параграф. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін есептеу
3-параграф. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 22
22. Жалдау төлемақысы мемлекеттік әріптестің жеке меншіктегі МЖӘ объектісін мүліктік жалдауын көздейтін МЖӘ шарттарында қолданылады.
Тармақ 23
23. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін есептеу МЖӘ шарты шеңберінде мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске төлейтін төлемдерінің мөлшерін айқындау үшін қолданылады.
Тармақ 24
24. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін айқындау кезінде мемлекеттік әріптестің жалдайтын мүлікке қоятын параметрлері негізге алынады.
Тармақ 25
25. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшері МЖӘ жобасын іске асырудың әрбір жылы үшін есептеледі.
Тармақ 26
26. Әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайларды жалдау кезінде жалдау төлемақысының жылдық мөлшерлемесінің болжамды мөлшері мыналарды құрайды: BRа – осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес үй-жайдың класына негізделген әкімшілік-офистік үй-жайларды жалдау кезіндегі жалдау төлемақысының 1 (бір) шаршы метрге шаққандағы базалық мөлшерлемесі; S – жобаның мақсаттары үшін жалданатын алаң; kтд – жалданатын жабдықтың тозу дәрежесін ескеретін коэффициент. Базалық мөлшерлеменің мөлшері Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы мен баға индекстері» статистикалық деректеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 27
27. Өзге де мақсаттағы үй-жайларды жалдау кезінде жалдау төлемақысының жылдық мөлшерлемесінің болжамды мөлшері мыналарды құрайды: BRин – тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 1 айлық есептiк көрсеткiш, ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс үшін 0,6 айлық есептiк көрсеткiш, 1 шаршы метр үшін айына теңгемен; S – жалданатын алаң, шаршы метр; kжд – барлық инженерлік-техникалық құрылғылары (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу, телефондандыпу, интернет) бар үй-жайлар үшін жайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент – 1, қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түр үшін 0,1-ге төмендейді; kтд – жалданатын жабдықтың тозу дәрежесін ескеретін, мына формула бойынша айқындалатын коэффициент: BSV – баланстық (қалдық) құн бойынша жалданатын негізгі құралдардың құны; OV – бастапқы құн бойынша жалданатын негізгі құралдардың құны. МЖӘ жобасында тозу дәрежесі 50 (елу) пайыздан асатын жабдықты жалдауға жол берілмейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Тұтыну кепілдігінің болжамды мөлшерін есептеу
4-параграф. Тұтыну кепілдігінің болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 28
28. МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі жекеше әріптеске (off-take келісімшарттары) салынған инвестициялардың қайтарымдылығын және жобаның дисконттау мөлшерлемесіне + (плюс) 3 (үш) пайыздық тармаққа тең мөлшерде жобаның ішкі кірістілік нормасына (IRR) қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ұсынылады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттiң тұтыну кепiлдiгi халық тарапынан төлемақы талап етілмейтiн жобаларда беріледі.
Тармақ 30
30. Мемлекеттің тұтыну кепілдігі салалар бойынша бөлінетін мемлекеттік тапсырысты (мысалы мемлекеттік білім беру тапсырысы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) көздейтін жобаларда қолданылмайды.
Тармақ 31
31. Мемлекеттiң тұтыну кепiлдiгiнiң болжамды мөлшерi жобаны iске асырудың әр жылы үшiн тіркелген көлемдi (100 (жүз) пайыз өндiрiстiк қуат) өткізудің кепiлдiк берiлген сомасы ретiнде мына формула бойынша айқындалады: pi – жобаны іске асырудың i-ші жылында тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу бағасы; РС – жобаның өндірістік қуаты.
Тармақ 32
32. Тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу бағасын салалық мемлекеттік орган белгілейді.
Тармақ 5. 5-параграф. Мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін есептеу
5-параграф. Мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін есептеу
Тармақ 33
33. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. МЖӘ шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса оларды шығару) бойынша мемлекеттік кепілгерліктің болжамды мөлшері кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша 1 (бір) есептеу кезеңіне және 6 (алты) айға есепке жазылған МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын ең жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі: DP – негізгі борыш сомасы; r – ҚЭМ-де болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме + (плюс) облигациялардың бүкіл айналым мерзімі кезінде қолданылатын тіркелген маржа; p – күнтізбелік жылда купондық сыйақыны есепке жазу кезеңдерінің саны.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктің болжамды мөлшері мемлекеттік кепілгерлікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша 1 (бір) есептеу кезеңіне және 1 (бір) айға не шарт талаптарына сәйкес кезеңге есепке жазылған МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын ең жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі: DP – мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы; r – қарыз туралы шарттың немесе конкурстық өтінімнің талаптарына сәйкес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша болжанатын ең жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR мөлшерлемесі + (плюс) 1 (бір) пайыздық тармақ (шетел валютасындағы қарыздар үшін), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + (плюс) 1 (бір) пайыздық тармақ (шетел валютасындағы қарыздар үшін) ретінде айқындалады; p – күнтізбелік жылда мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша сыйақыны есепке жазу кезеңдерінің саны.
Тармақ 36
36. МЖӘ жобасын қоса қаржыландырудың болжамды мөлшері инвестициялық кезең ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалған шығыстардың жиынтық шамасына тең, бірақ МЖӘ объектілерін құру (оның ішінде салу), реконструкциялау немесе жаңғырту мақсатында салынатын инвестициялар мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 37
37. МЖӘ жобасын қоса қаржыландыру МЖӘ жобасы тұтастай алғанда төменде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде:
Тармақша 1
1) МЖӘ жобасына орталық мемлекеттік орган не Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бастамашылық жасаса;
Тармақша 2
2) МЖӘ объектісін құру құны кемінде бір жарым миллион айлық есептік көрсеткішті құраса;
Тармақша 3
3) МЖӘ объектісін құру жаңа құрылыс және (немесе) реконструкциялау арқылы жүзеге асырылса, бұл ретте МЖӘ объектісінің функционалдық мақсатына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалануды жекеше әріптес қамтамасыз етсе, қолданылады.
Тармақ 38
38. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және бағалау қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес айқындалған құн болып табылады.
Басқа 2.1. Тапсырыс берушінің жобаларды басқару, құрылысты техникалық қадағалау және авторлық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарының лимиті
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесіне 1-қосымша Тапсырыс берушінің жобаларды басқару, құрылысты техникалық қадағалау және авторлық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарының лимиті Ағым­да­ғы ба­ға дең­гей­ін­де жы­лы­на құ­ры­лыс құ­ны, мың АЕК*/жыл Мы­на­лар­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар ли­ми­ті­нің нор­ма­ти­ві жо­ба­ны бас­қа­ру, пай­ыз құ­ры­лы­сты тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау, пай­ыз ав­тор­лық қа­да­ға­лау, пай­ыз 1 2 3 4 300-ге дей­ін 1,39% 3,24% 1,12% 300-ден 450-ге дей­ін 1,25% 2,93% 1,01% 450-ден 580-ге дей­ін 1,13% 2,64% 0,91% 580-нен 1000-ға дей­ін 1,02% 2,38% 0,82% 1000-нан 1300-ге дей­ін 0,92% 2,15% 0,74% 1300-ден 1900-ге дей­ін 0,83% 1,95% 0,67% 1900-ден 2580-ге дей­ін 0,76% 1,77% 0,61% 2580-нен 3200-ге дей­ін 0,70% 1,62% 0,56% 3200-ден 3850-ге дей­ін 0,65% 1,51% 0,52% 3850-ден 4850-ге дей­ін 0,61% 1,41% 0,49% 4850-ден 5800-ге дей­ін 0,58% 1,35% 0,47%
Басқа 2.2. Сараптамалық верификация коэффициентінің мәндері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесіне 2-қосымша Сараптамалық верификация коэффициентінің мәндері ЖСҚ әзір­леу құ­ны ҚҚС-сыз мың АЕК Ко­эф­фи­ци­ент ЖСҚ әзір­леу құ­ны ҚҚС-сыз мың АЕК Ко­эф­фи­ци­ент 1 2 1 2 0,93 дей­ін 0,1728 185,81 0,0152 1,86 0,1727 278,71 0,0128 2,79 0,1354 418,06 0,0108 4,65 0,0996 557,42 0,0096 7,43 0,0751 706,06 0,0087 8,36 0,07 836,13 0,0082 12,08 0,0561 1021,94 0,0077 15,79 0,0478 1207,74 0,0073 19,51 0,0421 1393,55 0,007 23,23 0,0379 1579,35 0,0068 26,94 0,0346 1765,16 0,0066 38,09 0,0281 1950,97 0,0064 46,45 0,025 2136,77 0,0063 69,68 0,023 2322,58 0,0061 92,9 0,0211 2573,55 ба­стап 0,0058 139,35 0,0174
Басқа 2.3. Әкімшілік-офистік үй-жайларды жалдау кезінде базалық мөлшерлемені айқындау параметрлері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесіне 3-қосымша Әкімшілік-офистік үй-жайларды жалдау кезінде базалық мөлшерлемені айқындау параметрлері Өл­шем­шарт «А» кла­сын­да­ғы офи­стер «В» кла­сын­да­ғы офи­стер «С» кла­сын­да­ғы офи­стер «D» кла­сын­да­ғы офи­стер Ғи­ма­рат­тың мақ­са­ты Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған офи­стік ғи­ма­рат­тар­да­ғы офи­стік үй-жай­лар, әр­леу са­па­сы жо­ға­ры, ре­кон­струк­ци­я­лан­ған және қай­та жа­рақ­тал­ған әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар Әкім­ші­лік-офи­стік ғи­ма­рат­тар­да­ғы тұр­ғын емес үй-жай­лар, офис­ке бей­ім­дел­ген өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар Офи­стер­ді ор­на­ла­сты­ру­ға бей­ім­дел­ген тұр­ғын және тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар­да­ғы үй-жай­лар (тұр­ғын үй­лер­дің бі­рін­ші қа­бат­та­ры мен жер­тө­ле­ле­рі) Ғи­ма­рат­ты пай­да­ла­ну мер­зі­мі Жа­ңа­дан са­лын­ған неме­се ре­кон­струк­ци­я­лан­ған ғи­ма­рат­тар 3 жыл­дан астам пай­да­ла­ну, өзге мақ­сат­та­ғы ре­кон­струк­ци­я­лан­ған ғи­ма­рат­тар 5 жыл­дан астам пай­да­ла­ну, өзге мақ­сат­та­ғы ре­кон­струк­ци­я­лан­ған ғи­ма­рат­тар Ор­на­лас­қан же­рі Қа­ла­ның іс­кер­лік аудан­да­рын­да, ба­сты кө­лік ма­ги­страль­да­рын­да және кі­ре­бе­рі­сі ың­ғай­лы алаң­дар­да Қа­ла­ның іс­кер­лік аудан­да­ры­нан, негіз­гі кө­ше­лер­ден шал­ғай, кі­ре­бе­рі­сі ың­ғай­сыз Қа­ла­ның іс­кер­лік аудан­да­ры­нан, ор­та­лық кө­ше­лер­ден ай­тар­лық­тай қа­шық, кі­ре­бе­рі­сі ың­ғай­сыз Ин­фра­құ­ры­лым және сер­вис Жақ­сы да­мы­ған ин­фра­құ­ры­лым; тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс және те­ле­ком­му­ни­ка­ция; кон­фе­ренц-зал­дар­дың, ке­ліс­сөз зал­да­ры­ның, ор­та­лық Reception, тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту және де­ма­лыс құ­рал­да­ры­ның бо­луы Да­мы­ған ин­фра­құ­ры­лым; тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс және те­ле­ком­му­ни­ка­ция; кон­фе­ренц-зал­дар­дың, ке­ліс­сөз зал­да­ры­ның, ор­та­лық Reception, тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту және де­ма­лыс құ­рал­да­ры­ның бо­луы Биз­нес және де­ма­лыс ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі Ғи­ма­рат­ты бас­қа­ру Кә­сі­би бас­қа­ру. Ғи­ма­рат мін­сіз күй­де ұста­ла­ды, өзі­нің қа­уіп­сіз­дік, бас­қа­ру және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту қыз­мет­те­рі бар Кә­сі­би бас­қа­ру. Ғи­ма­рат мін­сіз күй­де ұста­ла­ды. Тәу­лік бойы кү­зет; жақ­сы пай­да­ла­ну қыз­ме­ті; тә­жі­ри­бе­лі жал­ға бе­ру­ші