О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 762 «Об утверждении Методики расчета платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов» Күшін жойған
Басқа 0
«Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесінде:
3, 4 және 6-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрі үшін Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу(Сөнім) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
Сөнім – өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрінің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы;
m – өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);
CАЕК – бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;
k – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын коэффициент.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Автокөлік құралдарына қатысты төлемақы Операторға осы Әдістемеге 2-осымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер және коэффициенттер бойынша, бір мәрте әрбір автокөлік құралы үшінтөленеді.»;
3-тарауалып тасталсын;
көрсетілген Әдістемеге қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
« Қалдықтардыжинауды,
тасымалдауды, қайтаөңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне 2-қосымша»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші абзацын және осы бұйрыққа
қосымшаның реттік нөмірлері 5-23-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Өндірушілеріне (импорттаушыларына) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) үшін төлемақы коэффициенттері
Қазақстан Республикасы
Экология, геология жәнетабиғиресурстар министрінің
2019 жылғы « » № бұйрығына
қосымша
Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне
1-қосымша
Өндірушілеріне (импорттаушыларына) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) үшін төлемақы коэффициенттері
№
Өнім (тауар) атауы
Тізбе бөлімі*
k коэффи
циенті
1.
шиналарментыстар
2-бөлімнен. Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар
14,15
2.
электр аккумуляторлар
3-бөлімнен. Электр аккумуляторларжәнеоларғаарналғансепараторлардықосаалғанда
56,25
3.
мотор, майлау, ашық түсті, вазелин майлары жәнежетектерге, репродукторларға және гидравликалық мақсаттарға арналған майлар
4-бөлімнен. Битумдыжыныстарданалынғанмұнай және мұнайөнімдері (шикілерденбасқасы) жәнебасқажердеаталмағаннемесеқосылмаған, құрамында 70 жәнеоданартықмассалықпайызмұнайнемесемұнайөнімдері бар, битумдыжыныстарданалынғанөнімдер, бұлретте осы мұнайөнімдеріқұрамында биодизель жәнепайдаланылғанмұнайөнімдерібарларынқоспағанда, өнімдердіңнегізгіқұрауыштарыболыптабылады
11,09
4.
тежегіш сұйықтықтар, гидравликалық, антифриздержәнемұздануға қарсы сұйықтықтар
5-бөлімнен. Өзге дехимиялық өнімдер
0
5.
Қағазжәне картон орама, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар
6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
1,76
6.
Шыныдан жасалған орама
6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
1,14
7.
Полимер материалдардан жасалған орама
6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
1,40
8.
Металдан жасалған орама
6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
0,20
9.
Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
0,91
10.
Пластмассадан жасалған бұйымдар
7-бөлімнен. Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысындағы басқа да заттар және гигиеналық немесе дәретханаға арналған заттар
1,40
11.
Баспа кітаптары, газеттер, полиграфия өнеркәсібінің басқа да бұйымдары
8-бөлімнен. Иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған, құрамында жарнама материалы бар немесе жоқ газеттер, журналдар мен өзге де мерзімді басылымдар
1,76
12.
Қағаз және картон
9-бөлімнен. Қолдан жасалған, жылтырлатылмаған, хат жазу, баспа немесе басқа да графикалық мақсаттарда пайдаланатын қағаз және картон
1,76
13.
Батареяларжәнебатарейкалар
10-бөлімнен. Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар
0
14.
Шамдар
11-бөлімнен. Электрлікқыздырунемесегазразрядтышамдар, герметикалықбағытталғанжарықшамдарынқосқанда, сондай-ақультракүлгіннемесеинфрақызылшамдар; құрамындасынап бар доғалықшамдар
0
15.
Термометрлер
12-бөлімнен. Құрамындасынап бар медициналықнемесеветеринариялықтермометрлер
0
16.
Электр және электрондықжабдық
13-бөлімнен. Ірі габаритті электр және электрондық жабдық
0
17.
Электр және электрондықжабдық
14-бөлімнен. Орташа габариттіэлектржәне электрондықжабдық
0
18.
Электр және электрондықжабдық
15-бөлімнен. Ұсақ габариттіэлектржәне электрондықжабдық
0
19.
Қағазжәне картон орама
16-бөлімнен. Орамасына өндірушілердің(импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын орамадағы (полимер, шыны, қағаз, картон металл және (немесе) құрамдастырылған материалдардан жасалған) өнім (тауарлар)
1,76
20.
Шыныдан жасалған орама
1,14
21.
Полимер материалдарынан жасалған орама
1,40
22.
Металдан жасалған орама
0,20
23.
Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама
0,91
*Ескертпе:Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес бекітілетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесі.