О внесении изменений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года №317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Индерском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
25 қарашадағы №317-V «Индер
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы №317-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3379 санымен тіркелген, аудандық «Дендер» газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
5 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылып, мемлекеттік тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Индер ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Доспаева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.