О внесении изменений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года №317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Индерском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы №317-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезекті ІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы №317-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3379 санымен тіркелген, аудандық «Дендер» газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін: 4 тармақтағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Индер аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Индер аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5 тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде «Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.» деген абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.