О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2016 года № 127-нқ «Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства национальной экономики Республики Казахстан» и от 18 апреля 2018 года № 157 «Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 25 мамырдағы №127-нқ және «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 127-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13829 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында: 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша экономика, өңірлердегі экономикалық көрсеткіштерді талдау және мониторингтеу, табиғи монополияларды реттеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысатын, осы органдарда кемінде он жыл мінсіз қызмет атқарған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік экономика комитетінің ардагерлерін Министрліктің құрмет грамотасымен, Министрдің алғыс хатымен көтермелеуге болады.»;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.07.2023 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі