О внесении изменении в постановление акимата Аральского района от 25 августа 2016 года № 150-қ «Об определении мест для осуществления выездной торговли в Аральском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамызындағы № 150-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жегілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамызындағы № 150-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5598 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйектегі «Толқын» газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Арал ауданы әкiмдігiнiң
2019 жылғы «24» қаңтар
№ 6-қ қаулысына қосымша
Арал ауданы әкiмдігiнiң
2016 жылғы «25» тамыздағы
№ 150-қ қаулысына қосымша
Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
№
Елді мекен атауы
Орналасқан орны
1
Арал қаласы
Ғ. Мұратбаев көшесінің бас жағы
2
Ақирек ауылдық округі
Ақбай ауылы, Самара-Шымкент трассасының Ақбай ауылына кіре берісіндегі жолдың оң түстік жағы