О внесении изменении в постановление акимата города Атырау от 25 ноября 2016 года № 1578 «Об установлении квоты в городе Атырау для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования» Күшін жойған
Басқа 0
Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 1578 «Атырау қаласында
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан
айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы №1578 «Атырау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3730 болып тіркелген, облыстық «Атырау» газетінде 2017 жылы 7 қаңтарда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы жаңа
редакцияда мазмұндалсын: «Атырау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы»;
Тармақша 2
2) қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде Атырау
қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарынан квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қалауиға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.