О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 240 «Об утверждении Консульского устава Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 240 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Консул:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселесі бойынша қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.