О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 47 «Об определении единого организатора государственных закупок» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3604 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы «Оңтүстік Қазақстан» деген сөздер «Түркістан» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.»; «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар» деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Сарсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ә.Е. Тұрғымбеков Е.Ә. Садыр Ұ. Сәдібеков Т.Қ. Сәрсембаев Е.К. Тасжүреков А.С. Сәбитов А.Б. Тасыбаев
Басқа 9
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы «6» қыркүйектегі №260 қаулысына қосымша Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Тармақ 1
1. Бюджеттік бағдарламалар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту;
Тармақша 2
2) мәдениет объектілерін дамыту;
Тармақша 3
3) спорт объектілерін дамыту;
Тармақша 4
4) мұрағат объектілерін дамыту;
Тармақша 5
5) туризм объектілерін дамыту;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту;
Тармақша 7
7) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері;
Тармақша 8
8) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері.
Тармақ 2
2. Сатып алуы ерекше тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер.