О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 47 «Об определении единого организатора государственных закупок» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 2-бабы 16) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3604 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі «8-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына» деген сөздер «2-бабының 16) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2, 3 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қ.Қ.Айтмұхаметов Ә.Е.Тұрғымбеков Ж.Е.Аманбаев М.И.Мырзалиев М.Н.Отарбаев Е.Ә.Садыр А.А.Абдуллаев А.Б.Тасыбаев