О внесении изменения в решение Айыртауского районного маслихата от 25 февраля 2016 года № 5-47-3 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған
Басқа 0
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Айыртау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 ақпандағы № 5-47-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Айыртау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 ақпандағы № 5-47-3 шешіміне (2016 жылғы 17 наурызында «Айыртауские зори» және «Айыртау таңы» газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.