О внесении изменений в решение ХХ сессии Каражалского городского маслихата от 25 декабря 2017 года № 189 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, а также тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 189 «Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 189 «Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4585 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтарда № 4 (889) «Қазыналы өңір» газетінде, 2018 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпаны № 362 шешіміне 1 қосымша Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 шешіміне 1 қосымша Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,64 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1,05 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,83 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,75 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 1,30 6 Емханалар 1 келіп кету 0,0062 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1,20 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,25 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 1,21 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,420 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,0043 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,045 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,08 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 1,250 15 Машиналардан сату Сауда орнының 1м2 0,320 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,46 17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,4 18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,38 19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,8 20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,38 21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,74 22 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,47 23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 0,55 24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,3 25 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,35 26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,37 27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,4 28 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,15 29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,37 30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,71 31 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,004 32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 1,73 Ескерту: м2 - шаршы метр.
Басқа 1. Қаражал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпаны № 362 шешіміне 2 қосымша Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 шешіміне 2 қосымша Қаражал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері № р/р Атауы Есептік бірлік 1 м3 тарифі (ҚҚС) (теңге) Қызметтер құны, теңге 1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф 1.1 Жеке тұлғалар 1 тұрғын/айына 1355,6 185,3 1.2 Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері 1м3 1355,6 1355,6 2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тариф 2.1 Жеке тұлғалар 1 тұрғын/айына 1035,7 141,5 2.2 Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері 1м3 1035,7 1035,7 3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған тариф 3.1 Жеке тұлғалар 1м3 319,9 319,9 3.2 Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері 1м3 319,9 319,9 4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған тариф 1м3 0 0 5. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф 1м3 0 0 Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы; м3 - текше метр.