О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 25 декабря 2017 года № 277 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Каракиянскому району на основании геоботанического обследования пастбищ» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 277 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 277 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3503 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулысында: қаулы атауы жаңа редацияда жазылсын: «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарақия ауданы бойынша жайылым айналымдарының ұсынылған схемасын бекіту туралы»; 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылған схемасы бекітілсін.»; 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.