О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 25 апреля 2018 года № 129/36 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Щербактинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 129/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 129/36 шешіміне өзгерістер енгізу (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Шарбақты ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің әдістемесінде: бүкіл мәтін бойынша «ұйымдастыру бөлімінің басшысын», «ұйымдастыру бөлімінің басшысы», «ұйымдастыру бөлімінің басшысымен» деген сөздер тиісінше «бас маманды», «бас маман», «бас маманмен» деген сөздермен ауыстырылсын; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасалады, оған бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40 – тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.»; 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.