О внесении изменений в решение маслихата от 25 мая 2018 года № 253 «О корректировке базовых ставок земельного налога» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»; кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын. Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Мәслихаттың 2023 жылғы 23 қарашадағы № 56 шешіміне қосымша Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету № р/с Аймақтың нөмірі Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) 1 1 +50 2 2 +40 3 3 +30 4 4 0