О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-193 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-тармақтың 5-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Отбасының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5% мөлшерінде белгіленеді.»;
Тармақ 3
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.