О внесении изменения в решение Алматинского областного маслихата от 25 июля 2018 года № 34-175 «Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда Алматинской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 88-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.