О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 января 2019 года № 10 «Об утверждении Правил проведения анализа целевого использования средств банками второго уровня, предоставленных в рамках механизма кредитования приоритетных проектов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 18237 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлікті қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 41 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары (бұдан әрі – Талдау қағидалары) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленді және басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде берілетін қаражатты мақсатты пайдалануына талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) Қаулы шеңберінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеуді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және уақтылы игерілуі бойынша ақпарат жинауды және оны талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Талдау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) – Қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберіндегі қатысушы, компания;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі – АӨК субсидиялау шарты) – қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалатын, субсидияларды аударудың тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін қағаз және электрондық түрде жасалған жазбаша келісім;
Тармақша 3
3) банк (бұдан әрі – ЕДБ) – екінші деңгейдегі банк, Тетік шеңберіндегі қатысушы;
Тармақша 4
4) банктік қарыз шарты – ЕДБ/«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге Тетік шеңберінде банк кредиті, сондай-ақ кредиттік желі ашу туралы келісім беріледі. Аталған шарт ақпараттық банк жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;
Тармақша 5
5) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ өз қызметін Тетік шеңберінде Кодекске сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ЖКС);
Тармақша 6
6) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚДБ) – қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен беретін Тетік шеңберіндегі қатысушы;
Тармақша 7
7) қаражат – Тетік шеңберінде АНК облигациялар шығару кезінде, ЕДБ алған ақша қаражаты;
Тармақша 8
8) қарыз шарты – оның талаптары бойынша кәсіпкерге кредит берілетін АНК мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ Тетік шеңберінде кредиттік желі ашу туралы келісім. Осы шарт АНК ақпараттық жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;
Тармақша 9
9) кредит – ЕДБ/ҚДБ банктік қарыз шартының негізінде, АНК қарыз шартының негізінде кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану талаптарымен беретін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын болашақта белгілі бір шарттарды орындауының орнына кәсіпкер кредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
Тармақша 11
11) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ЕДБ/ҚДБ және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ЕДБ/ҚДБ берген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
Тармақша 12
12) уақытша бос қаражат – кәсіпкерлердің бұрын берілген кредиттерді өтеуден босатылатын қаражат сомасы.
Тарау 2. 2-тарау. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібі
2-тарау. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Қаржы агенттігі ЕДБ, АНК берген ақпараттың негізінде ЕДБ, АНК ЖКС мақсатты және уақтылы қаржыландыруы бойынша деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Деректердің талдауы Тетік шеңберіндегі ұсынылған ЕДБ, АНК лимиттері жөніндегі ақпаратты шоғырландыруды, ЕДБ, АНК және ЖКС тарапынан қаражаттың уақтылы және мақсатты пайдаланылуын, берілген кредиттердің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі жөніндегі ақпаратты, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіріс жөніндегі деректерді қамтиды.
Тармақ 6
6. ЕДБ-нің, АНК-нің Тетік шеңберінде қаражатты уақтылы игеру және мақсатты пайдалану талаптарын орындауы туралы ақпаратты жинау және талдау үшін, қаржы агенттігі мынадай іс-шараларды жүргізеді: ЖКС берген кредиттер бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау; уақытша бос қаражаттың қалдықтары бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау; Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландырудың әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау; қаражатты игеру кезеңі бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау; ЕДБ-нің және АНК-нің қаражатты мақсатты пайдалануы, оның ішінде ЕДБ және АНК-нің Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландыру талаптарын сақтауы бойынша деректерді жинау және талдау; Тетік шеңберінде олармен субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің кредитті мақсатты пайдалануына талдауды жүзеге асыру.
Тармақ 7
7. Аванстық қорландыруды алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған ЕДБ, АНК қаражатын игеру кезеңі орналастырылған облигациялардың әрбір траншы бойынша олар ЕДБ, АНК шотына түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан аспауға тиіс. ЕДБ, АНК қаражатты игеру кезеңінің басталу күні қаражат ЕДБ, АНК шотына келіп түскен күннен бастап айқындалады. Қаражатты уақтылы игеру қаражатты игеру кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей Тетік шеңберінде ЖКС-пен банктік қарыз шартын, қарыз шартын жасасу болып табылады.
Тармақ 8
8. ЕДБ, АНК қаржы агенттігіне осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде берілген кредиттер бойынша:
Тармақша 1
1) осы Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы;
Тармақша 2
2) осы Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде қаржыландырылған ЖКС кредиттік қоржынының сапасы туралы;
Тармақша 3
3) осы Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде уақытша бос қаражат туралы есептерді ұсынады.
Тармақ 9
9. ЕДБ, АНК қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат бермеген жағдайда қаржы агенттігі осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көзделген мерзім өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-ға, АНК-ге ақпарат беруі қажеттігі туралы хабарлама жолдайды. ЕДБ, АНК хабарлама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті ақпаратты қаржы агенттігіне жолдайды. Ұсынылған ақпаратқа ескертулер анықталған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, қаржы агенттігі электрондық сұрату/ресми хат түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-нің, АНК-нің анықталған ескертулерді жою бойынша ақпарат беру қажеттігі туралы талаппен ЕДБ-ға, АНК-ге электрондық поштамен сұрату және ресми хат жолдайды.
Тармақ 10
10. Қаржы агенттігі Тетіктің 7-тармағына сәйкес Тетік шеңберінде субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитінің мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Тетік шеңберінде АӨК субсидиялау шарты жасалған агроөнеркәсіптік кешенінде өндіру және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды мониторингілеу Тетіктің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада белгіленген мерзімдерде осы Талдау қағидаларына 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес есептерді ұсынады.
Басқа 0.1. Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері
Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына 1-қосымша Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері Р/с № Есеп нысанының атауы ЕДБ, АНК-нің Қаржы агенттігіне деректерді беру мерзімі Қаржы агенттігінің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға есепті ұсыну мерзімі 1 Тетік шеңберінде ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы есеп Ай сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-сы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) 2 Тетік шеңберінде қаржыландырылған ЖКС кредиттік қоржынының сапасы туралы есеп Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) 3 ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі бойынша есеп Игеру мерзімі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде игеру кезеңі аяқталғаннан кейін бір рет (Талдау қағидаларына 5-қосымша) Игеру мерзімі аяқталғаннан кейін (Талдау қағидалары 2-тарауының 7-тармағы), игеру кезеңі аяқталғаннан кейін 45 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) 4 Уақытша бос қаражат туралы есеп Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) Тоқсан сайын Тетіктің барлық қолданылу мерзімі ішінде игеру кезеңі аяқталғаннан кейін есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)
Басқа 0.2. Тетік шеңберінде ЕДБ, АНК бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы есеп (_________ бастап ________ қоса алғандағы кезең ішінде, мың теңге)
Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына 2-қосымша Нысан Тетік шеңберінде ЕДБ, АНК бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы есеп (_________ бастап ________ қоса алғандағы кезең ішінде, мың теңге) Р/с № Банк Об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның об­лы­ста­ры, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ла­ры және аста­на­сы бө­лі­ні­сін­де­гі Қарыз алушы­ның ата­уы Заң­дық мәр­те­бе­сі (жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік, же­ке кә­сіп­кер, ша­руа қо­жа­лы­ғы, өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив) Бе­рі­л­ген кү­ні Қары­здың мер­зі­мі, ай­лар Қары­здың со­ма­сы Те­тік қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ма­құл­дан­ған қары­здың со­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Кестенің жалғасы ЕДБ/АНК қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ма­құл­дан­ған қарыз со­ма­сы Нақ­ты бе­рі­л­ген қа­ра­жат со­ма­сы Те­тік қа­ра­жа­ты есе­бі­нен нақ­ты бе­рі­л­ген со­ма ЕДБ/АНК қа­ра­жа­ты есе­бі­нен нақ­ты бе­рі­л­ген со­ма Негіз­гі бо­ры­шты өтеу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Сый­а­қы тө­леу бой­ын­ша же­ңіл­дік­ті ке­зең Кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі Кре­дит бой­ын­ша ти­ім­ді сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі 10 11 12 13 14 15 16 17 Кестенің жалғасы кре­дит бе­ру объ­ек­ті­сі Қарыз­ға алын­ған қа­ра­жат­тың мақ­са­ты (қарыз­ға алын­ған қа­ра­жат­тың әр ба­ғы­ты­ның ата­уы мен со­ма­сын көр­се­ту ар­қы­лы) өт­кі­зі­л­ген же­рі (аудан, қа­ла) Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша сек­ция (әрі қа­рай - ЭҚ­ЖЖ) ЭҚ­ЖЖ бой­ын­ша төрт таң­ба­лы сы­нып Жо­ба­ны іс­ке асы­ру есе­бі­нен құ­ры­ла­тын жа­ңа жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны ЕДБ/АНК уәкі­лет­ті ор­га­ны ше­ші­мі­нің № ЕДБ/АНК уәкі­лет­ті ор­га­ны ше­ші­мі­нің кү­ні Бір жыл­да­ғы са­лық тө­лем­де­рі­нің жос­пар­лы со­ма­сы (мак­си­мал­ды жо­ба­лық қу­ат­ты­лық­қа шық­қан жағ­дай­да), млн. тг. (биз­нес-жос­пар негі­зін­де) 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Кестенің жалғасы Бір жыл­да­ғы тү­сім­нің жос­пар­лы со­ма­сы (мак­си­мал­ды жо­ба­лық қу­ат­ты­лық­қа шық­қан жағ­дай­да), млн. тг. (биз­нес-жос­пар негі­зін­де) Банк­тік қарыз шар­ты­ның/Кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің/қарыз шар­ты­ның № Банк­тік қарыз шар­ты­ның/Кре­дит же­лі­сін ашу ту­ра­лы ке­лі­сім­нің/қарыз шар­ты­ның кү­ні Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі / Биз­нес-сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі «Биз­не­стің жол кар­та­сы» биз­не­сті қол­дау мен да­мы­ту­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­ты­суы / Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аг­ро­өнер­к­ә­сіп ке­ше­нін да­мы­ту­дың 2017-2021 жыл­дар­ға ар­нал­ған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы (иә/жоқ) Те­тік шең­бе­рін­де­гі ба­ғыт * Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің са­на­ты (бұ­дан әрі- ЖКС) (Ша­ғын биз­нес/Ор­та биз­нес/ірі биз­нес) Бағ­дар­ла­ма­ның/Те­тіктің шар­тта­ры­на ЖКС сәй­кест­і­гі (сәй­кес ке­ле­ді/сәй­кес кел­мей­ді) Бағ­дар­ла­ма­ның/Те­тіктің шар­тта­ры­на ЖКС жо­ба­сы­ның сәй­кест­і­гі (сәй­кес ке­ле­ді/сәй­кес кел­мей­ді) 27 28 29 30 31 32 33 34 35 Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) * Бағытын көрсету қажет: 1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) өңдеу, 2) АӨК-тегі өндіріс, 3) өңдеуші өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер.
Басқа 0.3. Тетік шеңберінде қаржыландырылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ЖКС) кредиттік қоржынының сапасы туралы есеп (мың теңге)
Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануына талдау жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Тетік шеңберінде қаржыландырылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ЖКС) кредиттік қоржынының сапасы туралы есеп (мың теңге) Р/с № Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тің (бұ­дан әрі – ЕДБ) ата­уы)/ «Аг­рар­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ (бұ­дан әрі – АНК) Бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы ЖКС ата­уы Же­ке сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі/ Биз­нес-сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі Өңір­дің ата­уы Қа­ла, аудан Ке­лі­сім­нің нө­мі­рі, кү­ні Шар­ттың нө­мі­рі, кү­ні Ба­ста­лу кү­ні Аяқ­та­лу кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Кестенің жалғасы Қарыз со­ма­сы Мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек, бар­лы­ғы Негіз­гі қарыз со­ма­сы Сый­а­қы со­ма­сы Мер­зі­мін өт­кізуге­шы­ғу кү­ні Кесте бой­ын­ша соң­ғы өтеу кү­ні­нен кей­ін­гі күн­дер са­ны Қары­здар бой­ын­ша қарыз бе­ре­ше­гі­нің қал­ды­ғы Жы­л­жы­ма­лы/жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің ке­піл шар­ты­ның № және кү­ні Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы есеп­ті­лі­гі стан­дарт­та­ры бой­ын­ша про­ви­зи­я­лар­дың мөл­ше­рі _____ Қай­та құ­ры­лым­дал­ған/мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған негіз­гі қарыз (Қай­та құ­ры­лым­дал­ған негіз­гі қары­здың жиы­ны) Қай­та құ­ры­лым­дал­ған/мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған негіз­гі қарыз 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 Бар­лы­ғы: Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Басқа 0.4. Тетік шеңберінде уақытша бос қаражат туралы есеп (_________ жылғы ______ тоқсан үшін, мың теңге)
Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануына талдау жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Тетік шеңберінде уақытша бос қаражат туралы есеп (_________ жылғы ______ тоқсан үшін, мың теңге) № Те­тік шең­бе­рін­де­гі есеп­ті тоқ­сан­ның ба­сын­да­ғы ЕДБ/АНК бос қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы Есеп­ті тоқ­сан­ның ба­сын­да­ғы Те­тікке қа­ты­са­тын ЕДБ/АНК қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы (бір­ле­сіп қар­жы­лан­дыр­ған жағ­дай­да) Есеп­ті тоқ­сан­ның ба­сын­да­ғы же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің (әрі қа­рай – ЖКС) ЕДБ/АНК ал­дын­да­ғы негіз­гі қары­зы­ның қал­ды­ғы Есеп­ті тоқ­сан­ның ба­сын­да­ғы уа­қыт­ша бос қа­ра­жат Есеп­ті ке­зең үшін ЖКС қары­зда­рын бе­ру Уа­қыт­ша пай­да­ла­ныл­мағ­на бос қа­ра­жат­тың қал­ды­ғы 1 2 3 4 5 (2+3-4) 6 7 (5-6) Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Басқа 0.5. Бөлінген қаражатты «______________» акционерлік қоғамының игеруі туралы есеп (ЕДБ/АНК қаржы агенттігіне ұсынады, қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады (мың теңге)
Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануына талдау жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Бөлінген қаражатты «______________» акционерлік қоғамының игеруі туралы есеп (ЕДБ/АНК қаржы агенттігіне ұсынады, қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады (мың теңге) Р/с № Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің (әрі қа­рай –ЖКС) ата­уы Об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және аста­на Же­ке сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі/ Биз­нес-сәй­кестен­дір­ме нө­мі­рі Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші Іс жү­зін­де қарыз бе­ру со­ма­сы Са­ла (сек­ция) кі­ші са­ла (бө­лім) оның ішін­де Те­тік қа­ра­жа­ты есе­бі­нен оның ішін­де ЕДБ/АНК қа­ра­жа­ты есе­бі­нен 1 2 3 4 5 6 7 8 Кестенің жалғасы Қарыз мерзімі, ай Қарыз валютасы Сыйақының номиналды мөлшерлемесі Кредит келісімінің № және күні нысаналы мақсаты Инвестициялар Айналым қаражатын толтыру Сомасы Үлес салмағы, % Сомасы Үлес салмағы, % 9 10 11 12 13 14 15 16 17 Кестенің жалғасы Тетік шеңберіндегі бағыт* ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес) Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС жобасының сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) 18 19 20 21
Тармақша 1
1) Тетік шеңберіндегі қаражатты екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары. (қаражатты игеру/ЕДБ/АНК бөлінісінде берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызметітүрлері бойынша, бағыттары бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жоба іске асырылатын орын бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат). Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда) * Бағытын көрсету қажет: 1) Агроөнеркәсіптік кешендегі (әрі қарай – АӨК) өңдеу; 2) АӨК-дегі өндіріс; 3) өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер.