О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 25 июля 2019 года № 136 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 14-қосымшаның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже»: 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Департаменттің заңды мекенжайы: 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.