О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 июля 2019 года № 174/НҚ «Об утверждении Правил учета сведений об объектах информатизации «электронного правительства» и размещения электронных копий технической документации объектов информатизации «электронного правительства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 358/НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алудың және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтердің және архитектуралық порталда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының орналастырылатын электрондық көшірмелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект:
Тармақша 2
2) ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі – ақпараттандыру объектісін құру, өнеркәсіптік пайдалану, дамыту және өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату кезеңдерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектісін құру және дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттама жиынтығы;
Тармақша 4
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;
Тармақша 5
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің есептік коды – әрбір ақпараттандыру объектісіне берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі, оларды есепке алу «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалану мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, «электрондық үкіметтің» архитектурасын жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі.
Тармақша 7
7) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру тәртібі
2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастыруды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады. Архитектуралық порталдағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алу үшін мемлекеттік органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, «электрондық үкіметтің» квазимемлекеттік секторының субъектілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік интеграторға архитектуралық порталды пайдаланушының есептік жазбасын ұсынуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) электрондық пошта арқылы береді. Сервистік интегратор өтінімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде пайдаланушының архитектуралық порталындағы есептік жазбасын (бұдан әрі – есептік жазба) ұсынады. Есептік жазба архитектуралық порталдың қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, «электрондық үкіметтің» квазимемлекеттік секторының субъектілері есептік жазбаны алғаннан кейін архитектуралық порталда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін 1-қосымшаға сәйкес, түпнұсқа құжат пен DOCX мәтіндік форматындағы құжаттар жобасының түрі мен ақпаратты толық көрсететін PDF/A-1 форматында орналастырады.
Тармақ 8
8. Сервистік интегратор ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін толық ұсынған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде деректердің дәйектілігі мен дұрыстығын тексереді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне есептік код береді. Енгізілген деректер толық болмаған не дұрыс болмаған жағдайда, сервистік интегратор ақпараттандыру объектілерінің иесіне ұсынылған мәліметтерді және техникалық құжаттаманың көшірмелерін толықтыру не өзгерту қажеттігі туралы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Сервистік интеграторына «электрондық үкіметтің» құрылатын (дамитын) немесе сатып алынған ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді ұсыну және жаңартып отыру мемлекеттік орган «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырады. Ақпараттандыру объектілерінің иесі «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер өзгерген немесе олардың жоқтығы анықталған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде архитектуралық порталда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді өзектілендіруді қамтамасыз етеді.
Басқа 1
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына 1-қосымша Архитектуралық порталда есепке алуға жататын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен айқындалған ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама;
Тармақша 2
2) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу туралы мәліметтер (ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар актісі);
Тармақша 3
3) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін бухгалтерлік есепке қою фактісін растайтын құжат;
Тармақша 4
4) Ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдаланудың тоқтатылғанын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) Құрамына мыналар кіретін пайдалану құжаттары: пайдаланушы нұсқаулығы; әкімші нұсқаулығы;
Тармақша 7
7) Құрамына мыналар кіретін техно-жұмыс жобасы: ерекшелігі (ГОСТ 19.202-78); бағдарламаның сипаттамасы (ГОСТ 19.402-78); түсіндірме жазба (ГОСТ 19.404-79).
Тармақша 8
8) Сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, сынақ хаттамалары (ГОСТ 34.603-92);
Тармақша 9
9) Тәжірибелік, өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі;
Тармақша 10
10) Техникалық және жобалық құжаттаманы бекіту және оған өзгерістер енгізу туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) Техникалық тапсырма (СТ РК 34.015-2002);
Тармақша 12
12) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін сатып алуға, құруға, дамытуға, қолдап отыруға арналған шарттар;
Тармақша 13
13) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің түгендеу тізбесі мен сипаттамалары;
Тармақша 14
14) «Электрондық үкіметтің» құрылатын немесе тәжірибелік пайдалануға берілетін ақпараттандыру объектісі туралы жалпы мәліметтер.
Басқа 2
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына 2-қосымша Ұйымның толық атауы Құрылымдық бөлімше Жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымы Байланыс телефон нөмірі; Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы (логин) Кіру (қандай мақсаттар үшін екенін көрсету)