О внесении изменения в решение Мангистауского областного маслихата от 25 октября 2019 года № 31/368 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Мангистауской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1.«Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4009 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін: қосымшада: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнаның сомасынан 50 пайыз, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз көлемін, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.