О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 25 октября 2019 года № 43/7-VІ «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 43/7-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 43/7-VІ «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6260 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 14 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасында: бірінші абзацқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.