О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 2 тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.