О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 1) тармақшасының 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.