О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына 1-қосымша Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі № Аурулар Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды -10 1-тарау. Туберкулез 1 Деструктивтік және бациллярлық нысандары бар туберкулез А15 - А19 2-тарау. Көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар 2 Мерездің кеш нысандары А52 3-тарау. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру 3 Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, қатерлі ісіктер түрінде, терминалдық сатыда, көптеген аурулардың көріністерімен пайда болатын ауру В20 – В24 4-тарау. Қатерлі ісіктер 4 Қатерлі ісіктер С00 - С97 5-тарау. Қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар 5 Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі иммундық механизмді тартатын қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және жекелеген бұзылулар D50 - D89 6-тарау. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы 6 Уытты емес зобтың басқа түрлері Е04 7 Тиреотоксикоз [гипертиреоз] Е05 8 Комамен инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.0 9 Кетоацидозбен инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.1 10 Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.7 11 Комамен инсулинге тәуелсіз қантты диабет Е11.0 12 Кетоацидозбен ІІ типті қантты диабеті Е11.1 13 Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелсіз қант диабет Е11.7 7-тарау. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтар 14 Тамырлы деменция F01 15 Басқа бөлімдерде жіктелген анықталған басқа аурулардағы деменция F02.8 16 Анықталмаған деменция F03 17 Алкогольге немесе басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарға байланысты емес органикалық амнестикалық синдром F04 18 Органикалық галлюциноз F06.0 19 Органикалық кататоникалық бұзылушылық F06.1 20 Органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) ауруы F06.2 21 Мидың ауруы, зақымдануы және дисфункциясы салдарынан басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары F07.8 22 Делириймен алкогольдік абстиненттік жағдай F10.4 23 Шизофрения - үздіксіз және ұстамаға ұқсас прогредиенттік ағым типі бар, (тұрақты) жеке басының кемістігі бар барлық түрлері F20 24 Басқа созылмалы сандырақтық бұзылулар F22.8 25 Шизоэффективті бұзылулар F25 26 Психотикалық белгілері бар маниакалдық эпизод F30.2 27 Биполярлық аффективтік бұзылулар F31 28 Психоз симптомдары белгілері бар ауыр депрессиялық эпизод F32.3 29 Көңіл-күйдің қайталанатын депрессиялық бұзылуы F33 30 Жеңіл, орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі F7 8-тарау. Нерв жүйесінің аурулары 31 Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелік атрофиялар G10 - G13 32 Экстрапирамидалық және басқа да қозғалыс бұзылулары G20 - G26 33 Нерв жүйесінің басқа дегенеративті аурулары G30 - G32 34 Орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық аурулары G35-G37 35 Эпизодтық және пароксизмальды бұзылушылықтар G40 - G47 36 Полиневропатиялар және перифериялық нерв жүйесінің басқа да зақымданулары (кодтар) G60 - G64 37 Орталық нерв жүйесінің басқа бұзылыстары G 96.8 G 96.9 9-тарау. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары 38 Тамырлы қабық пен тордың аурулары Н30 - Н34 39 Бастапқы жабық бұрышты глаукома H40,2 40 Көру нерві мен көру жолдарының аурулары Н46 - Н48 41 Бинокулярлы соқырлық H54.0 42 Көрудің бинокулярлы жеңіл бұзылуы немесе оның болмауы H54.3 43 Басқа менингококк инфекциялары A39.8 10-тарау. Қанайналым жүйесінің аурулары 44 II-III дәрежелі қанайналым бұзылған ақаулары бар жүректің созылмалы ревматикалық аурулары. I05 - I09 45 Жіті миокард инфарктісі I 21 46 Жіті миокард инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынулары I 23 47 Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлері I 24 48 Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы; ІІ-ІІІ дәрежелі қан айналымы бұзылған инфаркттан кейінгі кардиосклероз I 25 49 Өкпелік жүрек және өкпе қан айналымының бұзылуы I 26 - I28 50 Жүректің басқа аурулары (III-IV дәрежелі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылулары бар). I 30 - I52 51 Жоғары қан қысымымен сипатталатын аурулар (II - III дәрежелі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі криз жағдайлары бар гипертониялық ауру) I 10-I15 52 Цереброваскулярлық аурулар (ми қан айналымының жіті бұзылуы және парез, паралич, афазия, атаксия құбылыстарымен ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейінгі жай-күй), басқа да цереброваскулярлық аурулар I 60 - I69 53 Айқын білінетін қайтымсыз трофикалық өзгерістері (некроз) және аяқ-қол функцияларының бұзылуы бар артериялардың, артериолалар мен капиллярлардың аурулары I 70 - I79 11-тарау. Тыныс алу ағзаларының аурулары 54 II - III дәрежелі II - III дәрежелі өкпе функциясының жеткіліксіздігі бар төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары J43 - J47 55 II-III дәрежелі өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі бар сыртқы агенттер тудыратын өкпе аурулары. J60 - J70, J84 12-тарау. Ас қорыту ағзаларының аурулары 56 Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары. К20 - К77 57 Жіті панкреатит К85 58 Ұйқы безінің басқа аурулары К86 13-тарау. Тері және тері асты жасушаларының аурулары 59 Асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздар L10 - L14, L98 60 Кәдімгі псориаз L40.1 14-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары 61 II - III дәрежелі ағзалар функциясының бұзылуымен дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы М30 - М36 62 Омыртқа, қабырға, II-III сатыдағы НЖФ-мен ірі буын қозғалғыштығы шектелген спондилопатиялар М45 - М49 15-тарау. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары 63 Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің аурулары N00 - N99 16-тарау. Туа біткен ауытқулар (даму), деформациялар және хромосомалық бұзылулар 64 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q20 - Q28 65 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q30 - Q34 66 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q38 - Q45 67 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы жыныс мүшелерінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q50 - Q56 68 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму) Q60 - Q64 69 Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) және декомпенсация немесе өршу сатысындағы сүйек-бұлшықет жүйесінің қисаюлары Q65 - Q79 70 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы басқа да туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) Q80 - Q89 17-тарау. Жарақаттар, улану және сыртқы себептер әсерінің басқа да салдары 71 Ауыстырып салынған ағзалар мен тіндердің өлуі және қабылданбауы Т86 Ескертпе: осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі-ПМБ) бар адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі ПБЗ тұтынумен байланысты ПМБ бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне қолданылады.