О внесении изменений в решение акима города Кентау от 25 февраля 2020 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории города Кентау» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 4 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы әкімінің «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 25 ақпандағы №4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2020 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «№893 сайлау учаскесі» сөздер «№899 сайлау учаскесі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Кентау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы _____________Б.Садуов «__»_________2020 жыл