О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 56-10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; осы шешімнің қосымшасының қазақ тіліндегі мәтінінде «біржолғы», «бір реттік» деген сөздер «бір рет» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.