О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасымен, 11-бабының 2) тармақшасымен, 12-бабының 2) тармақшасымен, 13-бабының 2) тармақшасымен, 17-бабымен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.