О внесении дополнений в решение Кордайского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 80-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району» Күшін жойған
Басқа 0
«Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңдарына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 30 желтоқсанда жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаcының:
8 тармағының 1) тармақшасы келесідей мазмұндалсын:
«1) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен және ұрыс қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттердiң аумағынан шығарылған күніне»;
8 тармағының 1) тармақшасы 1-4), 1-5), 1-6) абзацтарымен толықтырылсын:
«1-4) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;
1-5) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде;
1-6) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшыларына және қатардағы құрамының адамдарға жылына бір рет облыстың атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экномика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Заурбаеваға (келісімі бойынша) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.