О внесении изменений в решение маслихата района Бәйтерек от 25 января 2021 года № 2-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек» Күшін жойған
Басқа 0
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3
«Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6821 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6 - тармақтың 33) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 33
«33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.