О внесении изменения в решение Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 34 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы «25» маусымдағы №408 шешіміне қосымша Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне 1-қосымша Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Тармақ 1
1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
Тармақша 1
1) «Канакинумаб» дәрілік заты - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозында ;
Тармақша 2
2) «Тоцилизумаб» дәрілік заты - «Ювенильді склеродермия» диагнозында;
Тармақша 3
3) «Адалимумаб» дәрілік заты - «Ревматоидты артрит» диагнозында;
Тармақша 4
4) «Метилпреднизолон» дәрілік заты - «Жүйелік склеродерма» диагнозында;
Тармақша 5
5) «Азатиоприн» дәрілік заты - «Бехчет ауруы» диагнозында;
Тармақша 6
6) «Белимумаб» дәрілік заты - «Жүйелі қызыл жегі» диагнозында;
Тармақша 7
7) дәрілік зат - «Блекфан-Даймонд анемиясы» диагнозында;
Тармақша 8
8) дәрілік зат - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
Тармақша 9
9) дәрілік зат- «Эпилепсия» диагнозында;
Тармақша 10
10) дәрілік зат - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозы кезінде;
Тармақша 11
11) дәрілік зат - «Бехтерев ауруы» диагнозында;
Тармақша 12
12) «Мацитентан» дәрілік заты - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
Тармақша 13
13) «Кладрибин» дәрілік заты - «Шашыраңқы склероз» диагнозында;
Тармақша 14
14) «Секукинумаб» дәрілік заты - «Псориаз» диагнозында;
Тармақша 15
15) «Этеплирсен», «Голодирсен», «Касимерсен» дәрілік заттары – «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» диагнозында;
Тармақша 16
16) «Секукинумаб» дәрілік заты - «Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)» диагнозында;
Тармақша 17
17) «Ритуксимаб» дәрілік заты - «Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары» диагнозында;
Тармақша 18
18) «Омализумаб» дәрілік заты - «Бронхиалды астма» диагнозында;
Тармақша 19
19) «Селуметиниб» дәрілік заты - «Нейрофиброматоз» диагнозында;
Тармақша 20
20) «Велаглюцераза альфа» дәрілік заты - «Болезнь Гоше» диагнозында;
Тармақша 21
21) «Буросумаб» дәрілік заты - «Фосфор алмасуының бұзылуы» диагнозында;
Тармақша 22
22) «Ланаделумаб», «С1 эстераза тежегіші» дәрілік заттар - «Бастапқы иммундық тапшылық. Комплемент жүйесіндегі ақау» диагнозында;
Тармақша 23
23) «Адам иммуноглобулині» дәрілік заты - «Басқа да қабынбалы полинейропатиялар» диагнозында;
Тармақша 24
24) «Вандетаниб» дәрілік заты - «Онкологиялық аурулар. Қалқанша безінің обыры, IVA сатысы, Т4аNIM0» диагнозында;
Тармақша 25
25) «Алглюкозидаза-альфа» дәрілік заты - «Гликоген жинақталу аурулары (Помпе ауруы)» диагнозында.
Тармақ 2
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар келесі диагнозбен тегін: медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) «Буллезді эпидермолиз» диагнозы бар азаматтарға.