О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 25 октября 2021 года № 8/124-VIІ «Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы №8/124-VII «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы №8/124-VII «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25072 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне қосымша Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы №8/124-VII шешімімен бекітілген Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Заңына сәйкес әзірленді және Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - «Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Тармақ 1
1. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдау Аягөз ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,1966 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.