О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 93 «Об утверждении Методики разработки, мониторинга, реализации, оценки и контроля Национального плана развития Республики Казахстан, Плана территориального развития страны, концепций, планов развития государственных органов, планов развития области, города республиканского значения, столицы» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемеcінде: 130-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі