О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № 1111 «Об утверждении Инструкции по работе военных представительств Министерства обороны Республики Казахстан в организациях, независимо от форм собственности» Қолданыста
Басқа 0
«Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30756 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі