О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № 1122 «Об утверждении Правил организации и обеспечения водолазных спусков в Вооруженных Силах Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуірлік түсуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1122 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуірлік түсуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30880 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.