О внесении дополнения в постановление акимата Щербактинского района от 25 апреля 2022 года № 79/1 «Об утверждении Положений местных исполнительных органов Щербактинского района» Қолданыста
Басқа 0
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» №79/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» №79/1 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 5-қосымшасының 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.