О внесении изменений в совместный приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 апреля 2023 года № 164/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 апреля 2023 года № 49 «Об утверждении проверочных листов в сфере цифровых активов в отношении цифровых майнеров и цифровых майнинговых пулов» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 «Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағында: 2-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2. Ки­бер­қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­нақ­тар­дың оң нәти­же­сі бар сы­нақ­тар хат­та­ма­ла­ры­ның бо­луы »; 5-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын: « 5. Цифр­лық жүй­е­де тех­ни­ка­лық қол­дау қыз­ме­ті­нің цифр­лық май­нинг­тік пулы­ның және кли­ент­тер­дің тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­тін ре­жим­де­гі жол­да­ным­да­ры­ның бо­луы »; 6-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын: « 6. Цифр­лық май­нинг­тік пулы­ның цифр­лық жүй­е­сі­нің қа­зақ, орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де пай­да­ла­ну­шы ин­тер­фей­сі­нің бо­луы ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы ,туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктеймін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті