О внесении дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 «Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында: 123-тармақ мынадай редакциядағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған тиісті халықаралық шартта айқындалған учаскесінің атауы көрсетілген мөрлері болады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі