О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 июля 2023 года № 275 «Об определении Требований к подключению цифровых майнеров к электрическим сетям» Қолданыста
Басқа 0
«Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарда:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды.
Энергия беруші ұйымдар мен көтерме сауда нарығындағы цифрлық майнерлер арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және осы Талаптармен реттеледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі