О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 79 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджет параметрлері өзгерген жағдайда, республикалық бюджет тиісті қаржы жылы ішінде нақтыланған кезде жүргізіледі.
Елді мекендерді бөлу немесе бөліп шығару жолымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрылған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген жағдайда борышты бөлу жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған шарттарды ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері негізінде жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау жүргізіледі.»;
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының лимиттерін айқындау формулалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 150 Бұйрыққа
қосымша
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау
қағидаларына
2-қосымша
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының лимиттерін айқындау формулалары
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
Lslg = Dlg + RtogchLg * k – Plg, мұндағы:
Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы лимиті;
Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда Dlg-ге жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы жергілікті атқарушы орган борышының нақты көлемі қолданылады.
Бұл ретте елді мекендерді бөлу немесе бөліп шығару жолымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрылған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген жағдайда борышты бөлу жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған шарттарды ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері қолданылады.
RtogchLg – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланатын қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің меншікті кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттердің сомасы бойынша болжамды деректері;
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда жалпы сипаттағы трансферттердің бекітілген деректері ескеріледі.
k – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы үшін түзету коэффициенті 0,1;
Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылындағы борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.
Тармақ 2
2. Айқындалатын борыш лимиті мынадай талапқа сәйкес келеді:
В2 ≤ RtogchLg * к, мұндағы:
B2 – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланған қаржы жылындағы тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың жоспарланатын көлемі бойынша болжамды деректері.