О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 25 декабря 2024 года № 38/200-VIII «Об утверждении Программы управления коммунальными отходами города Семей на 2024-2028 годы» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/200-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/200-VIII «Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасында: «Семей қаласын дамытудың жалпы мәліметтері мен стратегиялық жоспарлары» деген 1-тарауда «Семей қалалық әкімшілігінің құрамына кіретін ауылдық округтер» деген кесте алынып тасталсын. 2-тарауда Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау Соңғы 5 жылдағы негізгі көрсеткіштердің динамикасы» деген 2.2 - тармақта.: «2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 21/154-VII» деген сөздер мен сандар «2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/181-VIII» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын; «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары» деген кестеде: 14 - тармақтағы «0,89» саны «1,06» санымен ауыстырылсын; 15 - тармақтағы «2,61» саны «1,96» санымен ауыстырылсын; «2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII» деген сөздер мен сандар «2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/182-VIII» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.