О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 25 ноября 2025 года № 205-4542 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на водных объектах города Астаны» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 205-4542 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 205-4542 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 79-1, 81-1, 84, 85, 86, 87, 88 - жолдармен толықтырылсын: « 79-1. Астана қаласындағы Мичурино тұрғын алабы ауданындағы Есіл өзенінің ескі арнасы 51006'29.68" N, 71039'8.95"Е 51006'39.34" N, 71038'39.1"Е 500 35 81-1. Ақбұлақ өзені Су қорғау белдеуі 51°10'35.280"N, 71°30'6.830"Е 51°10'34.032"N, 71°29'53.729"E Су қорғау аймағы 51°10'37.582"N, 71°30'8.428"E 51°10'40.108"N, 71°29'59.488"E 90-240 20 »; « 84. Сарыбұлақ өзені Басталуы 51°14'28.29"N, 71°31'2.07"E Су қорғау белдеуі 51°10'46.02"N, 71°23'20.22"E Су қорғау аймағы 51° 10' 48,407"N, 71° 23' 10,791"E 500 20 85. Сарыбұлақ өзені Су қорғау белдеуі 51°10'46.02"N, 71°23'20.22"E 51°10'41.15"N, 71°23'17.54"E Су қорғау аймағы 51° 10' 48,407"N, 71° 23' 10,791"E 51°10'41.988"N, 71°23'16.115"Е 70-210 20 86. Сарыбұлақ өзені Су қорғау белдеуі 51°10'41.15"N, 71°23'17.54"E Су қорғау аймағы 51°10'41.988"N, 71°23'16.115"Е Аяқталуы 51° 9'53.08"N, 71°22'35.54"Е 500 20 87. Тассуат көлінің учаскесі Су қорғау белдеуі 51° 02' 13.34", N 71° 22' 43.71" E 51° 02' 16.97", N 71° 22' 47.34" E Су қорғау аймағы 51° 02' 12.18", N 71° 22' 51.75" E 51° 02' 15.88", N 71° 22' 55.25" E 190 35 88. Кіші Талдыкөл көлінің № 5 учаскесі (учаскенің шектік координаттары: 51°07′44.62″N 71°23′11.69″E 51°07′03.14″N 71°23′21.80″E) 300 35 ».
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне бес жұмыс күні ішінде жолдауды; осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.