Қолданыстағы ред. 01.04.2026

О внесении дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 25 сентября 2025 года № 26-6 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан постоянно проживающим в Жамбылской области при амбулаторном лечении бесплатно и (или) на льготных условиях» от 01.04.2026 г. № 32-5 («Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы)

0

«Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №26-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодекінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 «Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №26-6 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы 61 және 62 тармақтармен толықтырылсын: «

АХЖ-10 коды бойынша
Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша ауру (топ) –
(бұдан әрі-АХЖ-10)
Сирек аурулардың синонимдері мен атаулары
Дәрілік заттың атауы
61
С16
-
С16.9
Асқазанның қатерлі ісігі
Асқазанның қатерлі ісігі; Асқазанның кардиалды бөлімінің қатерлі ісігі; Асқазан түбінің қатерлі ісігі; Асқазан денесінің қатерлі ісігі; Асқазанның антралды бөлімінің қатерлі ісігі; Асқазанның пилорикалық бөлімінің қатерлі ісігі; Асқазанның қатерлі ісігі, жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше локализациядан тыс таралған; Асқазанның қатерлі ісігі, нақтыланбаған.
Ниволумаб
62
K91.2
Басқа рубрикаларда жіктелмеген хирургиялық араласудан кейінгі сіңірудің бұзылуы
Қысқа ішек синдромы;
Ішек жеткіліксіздігі.
Тедуглутид
».

2

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.