О внесении изменения в постановление акимата Урджарского района от 25 декабря 2025 года № 457 «Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на дому» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданы әкімдігінің «Үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 457 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Дуйсенова) осы қаулыдан туындайтын шаралардың заңда белгіленген тәртіпте орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Е. Сейльгазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 5. Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері
Үржар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «16» қаңтардағы № 15 қаулысына қосымша Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері № Қызмет алушылар түрі Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) 1 Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3849,94 2 Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3849,94 3 Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға 3849,94 4 Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 3849,94 5 Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға 3849,94