Ауылдық жерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 ақпандағы № 88 Қаулысы «Мемлекеттік мекемелердегі, мемлекеттік қызметкерлер емес жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылға 09 ақпандағы № 124 Қаулысымен енгізілсін өзгертулермен) ауылдық жерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналасатын мамандардың мөлшерлемелерін салыстырғанда 25 пайызға көтеру мақсатында және Қазақстан Республикасындағы 2001 жылдың 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының қызметін осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналасатын мамандардың мөлшерлемелерін саластырғында 25 пайызға көтерілген айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің жүзеге асыруына бақылауды жасау аудындық мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.