Қолданыстағы ред. 24.12.2007

Ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы от 24.12.2007 г. № 11/4 (Ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы)

0

Ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 Қаулысы «Мемлекеттік мекемелердегі, мемлекеттік қызметкерлер емес жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен енгізілген өзгертулермен) ауылдық жерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандырының айлық ақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін қызметінің осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерін салыстырғанда 25 пайызға көтеру мақсатында және Қазақстан Республикасындағы 2001 жылдың 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы I тармағы I тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылға арналған ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының қызметін осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерін салыстырғанда 25 пайызға көтерілген айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелері бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихатының ауыл мәселелері және экология жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3

3. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді.