Об утверждении Правил выдачи разрешения на приобретение права прямого или косвенного владения, распоряжения и/или управления более чем 25 процентами акций с правом голоса открытого накопительного пенсионного фонда в период его деятельности" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару құқығын Сатып алуға рұқсат беру ережесі Ескерту: Қаулы күшін жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 25.02.2006 № 58 қаулысымен . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару құқығын Сатып алуға рұқсат беру ережесі Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді; бүкіл мәтін бойынша "Агенттікпен", "Агенттік", "Агенттікте", "Агенттікке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органмен", "уәкілетті орган", "уәкілетті орган", "уәкілетті органды", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 қаулысымен . Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының , "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) оның қызмет ету кезеңіне дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін белгілейді. Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен . І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган осындай қордың дауыс беру құқығы бар қор акциясының 25 процент көбіне тікелей және жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығын (бұдан әрі - құқық) сатып алуға рұқсатты заңды тұлғаға - өзінің үздіксіз қызметі кезінде үш жыл бойына тұрақты қаржылық жағдайын растайтын қордың құрылтайшы/акционеріне беруі мүмкін. Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Тұлға мынадай жағдайларда қор акцияларына тікелей иелік ететін, билік жасайтын және/немесе басқаратын болып саналады:
Тармақша а
а) егер тұлға қор акцияларының меншік иесі болса;
Тармақша б
б) егер тұлға қор акцияларына шарт негізінде иелік ететін, билік жасайтын және/немесе басқаратын болса.
Тармақ 3
3. Қор акцияларына тікелей иелік ететін, билік жасайтын және/немесе басқаратын тұлғалармен аффилиирленген заңды және жеке тұлғалар қор акцияларына жанама иелік етуші, билік жасаушы және/немесе басқарушы болып есептеледі.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен
Тармақ 6
6. Сондай-ақ қор акциясына иелік ететін, билік жасайтын және/немесе басқаратын жеке тұлғаның жақын туыстары қор акцияларына жанама иелік етуші, билік жасаушы және/немесе басқарушы болып табылады.
Тармақ 7
7. Егер жеке тұлға осы заңды тұлғаның он және одан да көп дауыс беретін акцияларына иелік ететін басшы қызметкер, өкіл немесе акционер болса, заңды және жеке тұлғалар қор акцияларын бірлесе басқарады деп саналады.
Тармақ 8
8. Егер олар қор акцияларының меншік иесі болып табылса және олардың кемінде біреуі басқасының ірі қатысушысы болса, екі немесе одан да көп заңды тұлғалар қор акцияларын бірлесіп басқарушы болып саналады.
Тармақ 9
9. Заңды тұлға, егер мұндай жағдайда заңды тұлға осындай заңды тұлғаны қордың акциясын сатып алу үшін қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде қаржыландырса, кепілге өз активтерін берсе немесе осындай заңды тұлғаның қор акциясын сатып алуы үшін қаржыландыру алуына мүмкіндік туғызатын болса, басшы қызметкерге, ірі акционер/қатысушыға немесе осындай заңды тұлғаның ресми өкіліне тиісті қор акцияларының басқарушысы болып саналады.
Тармақ 10
10. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалар, егер олар қор акцияларының иеленушісі болып табылса және:
Тармақша 1
1) сонымен бірге басқарушы қызметкерлер, ірі акционер/қатысушылар немесе осы қор болып табылмайтын сол бір заңды тұлғаның сенімхаты негізінде іс-әрекет ететін ресми өкілдері болып табылса;
Тармақша 2
2) осындай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қор акцияларын сатып алу үшін қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде қаржыландыру берсе немесе қордың акциясын осы тұлғаның сатып алуына осындай қаржыландыру алуына мүмкіндік туғызса;
Тармақша 3
3) олар жақын туыстар болса қор акцияларының бірлескен басқарушылары болып саналады.
Тарау 16. ІІ. Рұқсат беру туралы өтініш-хат берудің тәртібі
ІІ. Рұқсат беру туралы өтініш-хат берудің тәртібі Ескерту: ІІ-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Тұлға қордың дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сатып алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кем емес уақыт аралығында уәкілетті органға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда (бұдан әрі - өтініш) қордың дауыс беру құқығының 25 проценттен асатын акцияларын тура немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иелену жөнінде рұқсат алу туралы өтініш береді. Қордың акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығы бар оған қатыссыз себептерге дауыс беру құқық белгісі бар тұлға сатып алған жағдайда аталған тұлға өзі белгілеген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы құқықты иеленгендігі жөніндегі фактіні не осы фактінің болғандығы туралы уәкілетті орган хабарлама алған күннен бастап уәкілетті органға өтініш береді. Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 12
12. Сонымен қатар қордың акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жасау және/немесе басқару құқығы бар оған қатыссыз себептерге дауыс беру құқығын сатып алу туралы өтініш берген тұлға өтінішпен бірге уәкілетті органға осы Ереженің 1-қосымшаcының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді. Өтініш беруші жеке тұлғаның қысқаша деректері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда, ал өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер осы Ереженің 3-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Резидент емес заңды тұлғалар жоғарыда аталған құжаттардан басқа, уәкілетті орган белгілеген негізгі рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингтің болуы туралы мәліметтерді қосымша береді. Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган өтініш-хаттарды қарау үшін қажетті кез-келген қосымша ақпараттарды сұратуға құқылы. Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 14
14. Өтініш беруші тұлға оны қараудың барлық уақытында кез-келген сәтте рұқсат беру туралы өзі берген өтініш-хатты қайтып алуға құқылы. Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тарау 21. ІІІ. Уәкілетті органның өтініш-хатты қарау тәртібі
ІІІ. Уәкілетті органның өтініш-хатты қарау тәртібі Ескерту: ІІІ-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 15
15. Өтініш-хатты қарау мерзімі өтініш беруші тұлға өтініш-хатты қанағаттандыруға немесе қайтару туралы шешім қабылдау үшін қажетті соңғы құжатты тапсырғаннан кейін 30 күннен тұрады. Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган сұратқан қосымша құжаттар уәкілетті орган сұрату жібергеннен кейін 10 күннің ішінде тапсырылуы тиіс. Аталған уақыт ішінде сұратылған ақпараттар тапсырылмаған жағдайда, барлық тапсырылған құжаттар оның өтініш-хаты бойынша шешім қабылданбастан өтініш беруші тұлғаға қайтарылады. Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 17
17. Сатып алуға уәкілетті орган рұқсат берген жағдайда осындай құқық берілген тұлғалар салымшыларды олардың аталған құқықты алғаны туралы осындай рұқсатты алғаннан кейін екі апта ішінде олардың әрқайсысына жеке-жеке жазбаша хабарлау немесе кемінде екі республикалық газетте мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті хабарлама жариялау жолымен ақпараттандыруға міндетті. Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 18
18. Кез келген мүдделі жеке және заңды тұлға уәкілетті органға өтініш-хаттың қабыл алынбауы тиіс екендігіне өзі сенімді болатын негіздемелерді көрсете отырып, өтініш-хат жіберуге құқылы. Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тарау iv. IV. Рұқсат беруден бас тарту негіздері
IV. Рұқсат беруден бас тарту негіздері
Тармақ 19
19. Мына негіздердің кемінде біреуі болған жағдайда уәкілетті орган сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы:
Тармақша 1
1) өтініш беруші тұлғаның қаржылық жағдайы тұрақты болмағанда;
Тармақша 2
2) өтініш беруші тұлғаның немесе өтініш беруші тұлғаның басшы қызметкерінің "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) сатып алу уәкілетті орган бекіткен нормативтерді бұзуға әкеліп соқтыратын болса;
Тармақша 4
4) сатып алу монополияға қарсы заңдардың талаптарын бұзуға соқтыратын болса;
Тармақша 5
5) өтініш беруші тұлға жалған немесе осы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ақпараттар берсе немесе өтініш-хат бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті орган сұратқан ақпаратты беруден бас тартса;
Тармақша 6
6) өтініш беруші тұлға уәкілетті органға қандай да болмасын өтінішпен, өтініш-хатпен немесе басқа да өтінімдермен байланысты қандай да болмасын жасанды немесе шатастыратын ақпарат берсе. Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган кез-келген өтініш беруші тұлғаның қаржылық жағдайын мына факторлардың кемінде біреуінің негізінде тұрақсыз деп санауға құқылы:
Тармақша 1
1) өтініш беруші тұлға өтініш-хат берген күннен бұрынғы кез келген үш жылда өзін дәрменсіз борышкер деп мойындаса;
Тармақша 2
2) өтініш беруші тұлға өтініш-хат берген күннің тікелей алдындағы кез-келген үш жылда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оңалту рәсімдеріне жатқызылса;
Тармақша 3
3) өтініш беруші тұлғаның ағымдағы міндеттемелері соңғы есептік күндегі жағдайы бойынша оның айналым активтерінен асып кетсе;
Тармақша 4
4) өтініш беруші тұлға өтініш-хат берілген жылдың алдындағы соңғы жылдың қорытындысы бойынша өз қызметінен кіріс келтірмеген, не өтініш беруші тұлға өтініш-хат берген күннің алдындағы соңғы үш жыл ішінде осы мерзімдегі кез-келген екі жұмыс жылының қорытындысы бойынша кіріс келтірмеген болса;
Тармақша 5
5) өзге негіздемелер бойынша, егер мұндайды уәкілетті орган көздейтін болса, осындай құқық алудың нәтижесінде қорға зиян келтіретіндігін болжауға болатын негіздемелер бойынша. Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші тұлғаны осындай шешім қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде бас тартуы туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабарламада бас тарту себебі көрсетілуі тиіс. Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 22
22. Сатып алуға рұқсат беруден бас тартылған тұлға, сондай-ақ осы Ережелердің 1-тармағында көзделген негіздер бойынша аталған құқықты иелене алмайтын тұлға қордың жарғылық капиталының 25 процентінен артық өз үлесін заңда белгіленген тәртіпте, акцияларды сатудан акциялар сатылған тұлғаларда құқық туындамайтын тұлғаларға сатуға міндетті. Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тарау v. V. Қордың дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ететін, билік жүргізетін және/немесе басқаратын тұлғаларға қойылатын талаптар
V. Қордың дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ететін, билік жүргізетін және/немесе басқаратын тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 23
23. Уәкілетті органнан сатып алуға рұқсат алған өтініш беруші тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы көлемінің уәкілетті органның нормативтік актілерінің талаптарымен белгіленген деңгейден төмен болмауын қолдауға міндетті. Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 24
24. Қор осы Ережелердің 20-тармағында аталған тұлғамен кастодиандық шарт немесе зейнетақы активтерін басқаруға шарт жасауға құқылы емес. Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 25
25. Осы Ережелердің 20-тармағында аталған тұлға өзі құқықты жүзеге асыратын тұлға болып табылатын уақыт ішінде уәкілетті органға жыл сайын әрбір қаржылық жылды жапқаннан кейінгі 45 күннің ішінде қаржылық есеп беруі тиіс. Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ vi. VI. Рұқсатты қайтарып алу негіздері
VI. Рұқсатты қайтарып алу негіздері
Тармақ 26
26. Уәкілетті орган мынадай жағдайлар болған кезде сатып алуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқылы: - қор немесе осы Ережелердің 20-тармағында аталған тұлға осы Ереженің талаптарын сақтамағанда; - осындай рұқсат соның негізінде берілген мәліметтердің жалғандығы анықталғанда. Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тармақ 27
27. Уәкілетті орган қорға бақылау жасауды алуға берілген рұқсатты қайтарып алу жөніндегі өзінің шешімі туралы осындай шешім шығарылған күннен кейін 10 күн ішінде қорға бақылау жасайтын тұлғаға және тиісті қорға хабарлайды.
Тармақ 28
28. Қорға бақылау жасауға алған рұқсат қайтарып алынған тұлға уәкілетті органның рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлауын алғаннан кейін бір айдың ішінде қордың жарғылық капиталының 25 процентінен артық өзінің үлесін заңда белгіленген тәртіпте, акцияларды сату оларға бақылау жасау құқығын туындатпайтын тұлғаларға сатуға міндетті. Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Тарау vii. VII. Қорытынды
VII. Қорытынды
Тармақ 29
29. Қор осы Ережелердің 22 және 26 тармақтарында көзделген талаптарды қамтамасыз ету туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіптерді бұзған жағдайда уәкілетті орган заңда белгіленген тәртіпте лицензияның қолданылуын тоқтатуға құқылы. Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен .
Басқа 52. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларды тура немесе жанама иелену жөніндегі құқықтарын иеленуге рұқсат беру туралы өтініш
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі туралы Ережеге 1-қосымша Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларды тура немесе жанама иелену жөніндегі құқықтарын иеленуге рұқсат беру туралы өтініш
Тармақ 1
1. Өтініш беруші тұлға туралы мәліметтер: - жеке тұлға       - Қазақстан Республикасының резиденті    - заңды тұлға      - Қазақстан Республикасының резидент емесі    Өтініш беруші тұлға:    ______________________________________________________________         (заңды тұлғаның аты-жөні немесе толық атауы) Мемлекеттік тіркелу туралы мәліметтер немесе өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат деректері: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекен-жайы немесе тұратын жері: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (почталық индексі, ел, қала, көше, мекен-жайы, байланыс телефоны)
Тармақ 2
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару белгілері (оның ішінде дауыс беруші акциялар немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларымен дауыс беру немесе дауыс беруші акцияларын жанама иемденуді жүзеге асыратын жарғы капиталдарына (акцияларды иелену) қатысу арқылы): ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Берілетін мәліметтер (қоса беріліп отыр):
Тармақша 1
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу шарттары және тәртібі туралы, оның ішінде сатып алу үшін (растаушы құжаттары бар) пайдаланылатын дерек көздері мен ақша сомасын сипаттау, өтініш беруші тұлғаның мүддесін ұсынуды тапсыратын өтініш беруші тұлға өкілі туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) жеке тұлға үшін: еңбек қызметі, білімі туралы мәліметтерді қосқандағы, қаржы саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ сотпен ісі болғандығы жөніндегі өтініш беруші тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша мәліметтер; ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар үшін: ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тура немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иелену туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімдерінің көшірмелері; еңбек қызметі, білімі туралы мәліметтерді қосқандағы, қаржы саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ сотпен ісі болғандығы жөніндегі өтініш беруші тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша мәліметтер; аудиторлық ұйым куәландырған, соңғы үш қаржы жылының ішіндегі жылдық қаржылық есеп беру, сонымен қатар тікелей немесе жанама иелік ету құқығын сатып алуға рұқсат беру туралы шешім қабылдаудың алдында соңғы өткен тоқсандағы қаржылық есеп беру, ашық жинақтаушы зейнетақы қорына өкім жүргізу және/немесе басқару; тура және/немесе жанама иелену құқығын сатып алу салдарынан қаржы болжамы, сатып алғаннан кейін өтініш жасаушы тұлғаның болжалды есеп айырысу балансын қоса отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорына рұқсат беру және/немесе басқару, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөнінде өтініш жасаушы тұлғаның жоспарлары мен ұсыныстары, егер мұндай бар болса (бизнес жоспар мен ұйымдастыру құрылымын қоса отырып); ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі.
Тармақ 4
4. Мәліметтердің шынайылығы: Осы арқылы өтініш беруші тұлға өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығы мен толықтығын растайды _________________    _____________________        _________________ (Өтініш жасаған      (өтініш берушінің              (қолы, мөр); күн)                 немесе өтініш беруші                    заңды тұлғаның бірінші                    басшысының фамилиясы,                     аты, әкесінің аты)
Басқа 60. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тура немесе жанама иелену құқығын сатып алу жөнінде өтініш жасаушы жеке тұлға туралы қысқаша деректер
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі туралы Ережеге 2-қосымша Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тура немесе жанама иелену құқығын сатып алу жөнінде өтініш жасаушы жеке тұлға туралы қысқаша деректер ________________________________________________________________ (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
Тармақ 1
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты_______________________________
Тармақ 2
2. Азаматтығы ________________________________________________
Тармақ 3
3. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________ ______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________________________________________________________
Тармақ 5
5. Еңбек жолы туралы қысқаша резюме: Жұ­мыс ке­зе­ңі Жұ­мыс ор­ны Ла­у­а­зы­мы
Тармақ 6
6. Сотталғандығы туралы мәліметтер: Кү­ні Сот­тың ата­уы Сот­тың тұр­ған же­рі Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі Сот­тың ше­шім қа­был­да­ған кү­ні
Тармақ 7
7. Қаржы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер: Кү­ні Жа­у­ап­кер- ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган Ор­ган­ның тұр­ған же­рі Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі Ше­шім қа­был­да­ған күн ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Осы өтініште бар ақпаратты менің тексергенімді және шынайы әрі толық екенін растаймын. Фамилиясы, аты, әкесінің аты _________________________________                                       (баспа әрпімен) Күні ________________________________________________________ Қолы _______________________________________________________
Басқа 68. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тура немесе жанама иелену құқығын сатып алу жөнінде өтініш жасаушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының 25 процентінен көбіне тікелей немесе жанама иелік ету, билік жүргізу және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі туралы Ережеге 3-қосымша Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 27.12.2004 № 376 қаулысымен . Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тура немесе жанама иелену құқығын сатып алу жөнінде өтініш жасаушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер ________________________________________________________________ (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
Тармақ 1
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты_______________________________
Тармақ 2
2. Азаматтығы ________________________________________________
Тармақ 3
3. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері________________ ______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________________________________________________________
Тармақ 5
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, лауазымы (лауазымдары)______________________________________________________
Тармақ 6
6. Білімі (біліктілігін көтеру курсын қоса отырып) Түс­кен Уа­қы­ты Оқу ор­ны­ның ата­уы Ма­манды­ғы Бі­тір­ген уа­қы­ты
Тармақ 7
7. Еңбек жолы туралы қысқаша резюме: Жұ­мыс ке­зе­ңі Жұ­мыс ор­ны Ла­у­а­зы­мы
Тармақ 8
8. Сотталғандығы туралы мәліметтер: Кү­ні Сот­тың ата­уы Сот­тың тұр­ған же­рі Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі Сот­тың ше­шім қа­был­да­ған кү­ні Өтелмеген немесе белгілі тәртіппен алынып тасталған сотталғандығы бар ма:______________________________________________
Тармақ 9
9. Қаржы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер: Кү­ні Жа­у­ап­кер­ші- лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган Ор­ган­ның тұр­ған же­рі Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі Ше­шім қа­был­да­ған күн ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Осы өтініште бар ақпаратты менің тексергенімді және шынайы әрі толық екенін растаймын. Фамилиясы, аты, әкесінің аты _____________________________                                      (баспа әрпімен) Күні _____________________________________________________ Қолы ____________________________________________________