О внесении изменений и дополнений в решение Акима г.Алматы от 25.08.97 г. N 442 "Об установлении размера платы на расходы по содержанию жилища" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы № 442 "Тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығынның төлем мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 14.08.2001 № 1/129 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын қалыпқа келтіруге байланысты тұрғын үйлерде лифттердің қызметіне төлем тәртібі, лифттердің қызметіне төлемді электр энергиясының шығынынан алып тастау, жалпы үйлердегі суды тұтынудың есептеу құралдарын реттеу және осындай шығындарды тұрғын үйді ұстауға енгізу, сондай-ақ суды пайдалануды есептеу құралдарын пайдалану және жалпы үйлерде қолдану жөніндегі қызметін төлеуді белгілеу, оларды техникалық жағынан дұрыс ұстау мақсатында, Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Алматы қаласы Әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 442 "Тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығынның төлем мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: - 1 тармақ мынадай редакцияда берілсін:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде жайларды ұстауға төлем былай белгіленсін, сондай-ақ осыған қоса жеке пәтер иелерін (үйлердің) бұларға коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызмет көрсететіндіктен 1 шаршы метр пайдалы алаңға 6 теңге 94 тиын; лифттері бар тұрғын үйлердің тұрғындары үшінші қабаттан бастап 1 шаршы метр пайдалы алаңға 8 теңге 12 тиын мөлшерінде, оның құрамына инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету төлемін қосып, ұсынылған қызмет тізбесінен туындай отырып (N 1 қосымша), сондай-ақ үйлердің ішіндегі газ жабдықтарына техникалық көмек көрсетудегі қосымша төлем әрбір газ қондырғысынан 15 теңге мөлшерінде және егер де қондырылған болса, су өлшеуіш және су өлшеуіш техникалық қызмет көрсету 1 шаршы метр пайдалы алаңға 0-60 теңге мөлшерінде белгіленсін.". № 1 қосымшада: - 3-1 тармақ мына мазмұнда толықтырылсын: "Лифттердің жұмыс істеуі үшін электр энергиясы" (1 және 2 қабаттардан басқасы) - 1,18 теңге; - 5 тармақ мына тараумен толықтырылсын: "Жалпы үйлердегі суды пайдалану құралдарына техникалық қызмет көрсету" - 0,60 теңге.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Алматы қаласы Әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 442 "Тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығынның төлем мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.