О внесении изменений в решение акима области от 25.09.98г № 246 “О порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Мангистауской области” Күшін жойған
Басқа 0
“Маңғыстау облысының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы” облыс әкімінің 25.09.98 ж. № 246 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 28.12.2004 № 69 шешімімен.
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 24.04.95 ж. № 2235 Жарлығын және “ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” ҚР Үкіметінің 22.04.99 ж. № 457 Қаулысын орындау үшін, шешім етемін:
Тармақ 1
1. “Маңғыстау облысының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы” облыс әкімінің 25.09.98 ж. № 246 шешіміне өзгерістер енгізілсін:
атауындағы және мәтіндегі “(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)” деген сөздер алынып тасталсын;
осы шешіммен беқітілетін Маңғыстау облысының базарларыңда тауарларды сату құкығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен ставкалары туралы Ережеде 4 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
облыстың базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым, базарда орналастырылған сауда нүктелерінің санына қарамастан, ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрі ( бұдан әрі - базар алаңы) үшін күн сайын төленеді. Алымның ставкасы базар алаңының бір шаршы метрі есебімен белгіленеді. Төлеушінің қалауы бойынша алымақы 1 күннен 30 күнге дейінғі мерзімде төленуі мүмкін. Бұл орайда алымның сомасы күндердің санына бара-бар ұлғайтылады;
6 және 7 тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген облыстың базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары мынадай редакцияда жазылсын:
“Маңғыстау облысының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары
әр күн үшін базаралаңының
бір шаршыметрі есебімен
теңгемен