О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 сентября 1995 г. N 1289 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1280 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Мемлекет мұқтажы үшiн 1995 жылдың егiнiнен сатып алынатын астықтың бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1289 қаулысы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. "Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 наурыздағы N 309 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 9, 111-бап) белгiленген жағдайда оларға жасалған шарттармен мемлекет мұқтажы үшiн 1995 жылдың егiнiнен күрiш, тары, арпа, сұлы, қара бидай, қарақұмық пен жүгерi астығын сатып алу бағасы тауар өндiрушiлерден "Астық" акционерлiк қоғамы сатып алу барысында осы қаулының 2-қосымшасында көзделген баға деңгейiнiң 80 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.